******

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 10 августа 2011
Данияр Омар
 

Тағы да Түн.
Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым.
Мына жарық жалғанда болса бір жан
Ол — өзіңсің, мені ойлап, сағынатын.

Жанып, ысып,
Заңғар көкке арманың алып-ұшып,
Білем, сезем, нұрланып отырсың-ау,
Сағынышың айға әппақ шағылысып.

Иә, жаным!
Қиялыңның мекендеп қия, жарын.
Күрсіністер ішіне құлап кетіп,
Өз ойыңның тартасың жиі азабын

Көзіңде мұң,
Жүрегіңнен бермесең сезімге орын..
Ұмыт мені ендеше! Сені мүлдем
ұмытудың таппадым өзім жолын.

Қайдам, гүлім,
Таусылғандай бар амал айлам бүгін.
Төзіміңе сүйеніп көз іледі,
Қабырғасы сөгілген қайран мұңым.

Түн — сабырым,
Жұбатады жанарға тұнса мұңым.
Сағынбас ем, дәл бұлай сағынбас ең,
Жүрегіңе, жаным-ау, жүрсе әмірің.

Қалқаман Сарин.



361
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 11 августа 2011, в 09:55:57
    Айлы түн, тәтті түстер, әсерлі өлеңдер
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться