НИЕТІМ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 10 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Қайдасың?
Түн баласы ғашық етіп Айға шын,
Нөсер едім, өксік етіп қойғансың.
Уақыт-шіркін табалмады ем түгіл,
Серті берік сезімімнің айласын!

Жарығым!
Мендік жырдың қасиетті ары – мұң,
Арлы жырды арқа тұтып, арыдым.
Заманынан жоқ іздеген мұңлықтың,
Болар екен арқа сүйер жары кім?!


Өзгемін!
Жыр жазамын шаттығы үшін өзгенің.
Шын ниеттті тақпағайсың сөзге мін!
Ауыр оймен күрсінгенде бір қазақ,
Сыймай кетер өз кеудеме өз демім.


Білмедің!
Татқаннан соң ащы сөздің кермегін.
Тылсымымның сезбегенсің тереңін.
Мен өзінді қажет еткем АУА деп,
Ал сен болсаң бірер сәттік Жел ма едің?!

Үйреттің,
Жан болуды тек жасырын сүйетін,
Жабырқаулы көзді жұмып күлетін,
Мен бақытты ете алмасам, рұқсат ет,
Тәңірінен дұға тілеп жүретін,
өзіңменен бірге болсын НИЕТІМ…

Ақерке Асан



426
  • Anarka Must Anarka Must 11 августа 2011, в 11:29:24
    Жаңа бір дарынды ақынды ашқандаймыз ба… қалай? )
    ответить
  • Алия ... Алия ... 23 августа 2011, в 12:58:12
    Керемет әдемі жазылған!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться