***

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 11 августа 2011
Жанар Сейтмат
 

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса құйсын.
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.

Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет! Тамып тұр тамшыдан нұр !

Жаушы, жаңбыр, алмасып тозаң нұрға,
Бой көтерсін бозкөде бозаң қырда.
Жұпар шашып жағалай жатсын өлкем,
Жердің беті құлпырып көз алдымда.

Жасағанның жұмбағын дәл мүсіндеп,
Періштелер аспанға салды сурет.
Кеңістіктей кеңейіп көкірегім,
Жүрегіме осы нұр мәңгі сіңбек...

Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған сендегі мен
Ғашық болып өтермін тамшыға әрбір.

Өлеңді жазған: Бибол Жұмағалиұлы



431
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться