Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мен сізді ұнатамын.

Мен сізді ұнатамын.

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 11 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 
Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым
Жалғыз арман жанымды жайлап алып,
сенделемін, үмітпен бүр атамын.
Түк еместей әлемдік айыптаулар,
не ұмтылған асқарым — жыр, атағым.
Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен
біреулерді өксітіп жылатарым,
не өзімді даңқтың тұғырынан
мүмкін тіпті біржола құлатарым.
Жанса бағым,
бәріне де дайынмын — қарсы аламын,
қарсы аламын үзіліп қалса да әнім —
біреулердің қүңкілін, жазғыруын,
мысқылы мен өсегін — баршаларын.
Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана
сәтімізге қауышар, аңсағаным,
бірге жұтар ләззатты таң самалын.
Жырлап өтем,
белді будым алдағы сынға бекем,
арпалысам, асудан-мұңнан өтем.
Сізге жетер жолымда кешем бәрін.
мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.
Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер —
жайбарақат тірліктің құндағы екен.
Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,
сезіміңнің жолында құрбан етем!
 
Ф.Оңғарсынова


2974
  • Бахытжан Сексенбай Бахытжан Сексенбай 16 декабря 2011, в 20:56:09
    Ассалаумалейкум!!! Маған қатты ұнады айтарға сөзім жоқ… Тамаша… Керемет...
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться