ҒАШЫҚ ӘЛЕМ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 13 августа 2011
Данияр Омар
 

Төтеп бере алмастан нұрыңа мен,

Үнсіз жүрмін ішімнен тынып әрең.

Жаның сенің бұлақтың бастауындай,

Мөлдірлігі мәңгілік тұнық әлем.

 

Елестетер тас қара көмір түнді,

Шаштарыңның өзі бір өмір сынды.

Ай астында армансыз шыр айналшы,

Әрбір талы шуаққа шомылсын бір!

 

Құшағына тығылған кірпігіңнің

Жанарың да бір әлем шырқы нұрлы.

… Тұтқыны боп өтем бе тұнығының,

Тек шаттықтың жасына шылқығырдың!

 

Сыңғырлаған күлкіңнің сыры бұлақ,

Көңілімді көл етер бір үнің ақ...

… Тілің балын көрсетіп жынды қылды,

Маржан тістер артына тығылып ап.

 

Сезімімді ғаламнан жасырар ем,

Елесің тұр еркелеп қасыма кеп.

… Бұл дүние бүгінде екі жарты:

Сен және тек бір саған ғашық әлем! 

 

Рахат Әбдірахманов



482
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться