Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Алтын Анам (Адия Маратова)

Алтын Анам (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

                Алтын Анам

Өткенің анашым аянышты,

Бақытың басыңа таяп ұшты.

Өкінбе өткенге өксіме де

Жіберген жоқсың ғой зая күшті.

 

Табасың біздерді көзің жұмып,

Бақытын басқаның бізге жұлып.

Тәттісін өмірдің сыйлап бізге

Қаттысын алдың-ау өзің жұтып.

 

Ажарың жәймендеп жатыр құрғап,

Бұл жылдар барады жадыңды ұрлап.

Мен үшін, ол үшін, біздер үшін

Ұзақ жүр қасымда бақытқа орап.

 

Әйел зат болғанмен ер екенсің,

Жүз жасар қарттан да кемеңгерсің.

Сен менің бақытым, байлығым да

Шуақтым, алтыным, мерекемсің.

 

Адия Маратова



461
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться