Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Құйрықты жұлдыз (Руслан Бөлебай, Нәби Аймұратов рухтарына арналады)

Құйрықты жұлдыз (Руслан Бөлебай, Нәби Аймұратов рухтарына арналады)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

      Құйрықты жұлдыз

 

Бәріміз де бұл өмірде қонақпыз,

Бүгін бармыз, ертең бәлкім болмаспыз.

Қанаттарым, неге менің қайырылдың

Сүйіктімнен неге ерте айырылдым.

 

Болашағың жұлдызым сен қүйрықты

Зор еді ғой көрмейсің бе бұйрықты.

Батпан-батпан іздеріңді басатын,

Кімің қалды неге анда қашасың.

 

Сені де алды тағдырыңның тасқыны,

Неге, неге әкетеді жақсыны.

Соңғы сөзің сыбырлаған есімде,

Орның толмас ала алмайды ешкім де.

 

Бар нәрсені бітіргің кеп асықтың,

Бұл өмірге болып едің ғашық тым.

Білген екен, сезген екен жүрегің,

Соңғы сәтте алаңдаулы жүр едің.

 

Шарасызбын тура келер көнуге,

Жас таусылды жанарымда төгуге.

 

Адия Маратова



2386
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться