Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Бақытыңды тіледім (Адия Маратова)

Бақытыңды тіледім (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

     Бақытыңды тіледім

 

Бола берші бақытты сен өзгемен,

Сен өзгердің, мен де ертең өзгерем.

Көрінісін сен сыйлаған бақыттың

Қайтып енді көре алмаспын көзбенен.

 

Біздің әнге билеп жатыр қос ғашық,

Таң қалмаймын кетсе ертең қоштасып.

Бір көргеннен сүйген кеше жанардан

Жас ағыттың бүгін неге үш қасық.

 

Сүймесем де сүйіп келе жатыр ем,

Жауабына жүрегімнің жақын ең.

Менен сұлу жанмен бақыт құрдың ба,

Көргім келді сені тапқан жартыңмен.

 

Семен бірге жаңа ашылған гүл едім,

Семен бірге тыныш еді жүрегім.

Бағалысың сені төмен санаппын

Бақытты бол, бақытыңды тіледім.

 

Адия Маратова



476
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться