Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Шиелі тосап (Адия Маратова)

Шиелі тосап (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

                    Шиелі тосап

 

Ұнатасың қайнатылған тосабын сен шиенің,

Қалдырмастан жалаушы едің кесенің де жиегін.

Ұшқан құстай жылы жаққа соңыңыздан еремін

Өскен сайын, әкетайым, өзіңе ұқсап келемін.

 

Көзбен көріп, қолмен ұстап көрмеген соң өткенді,

Кешір, әке, түсінемін тағдырыңа өкпеңді.

Сезіміңді жасыр ішке лапылдаған демеспін

Жылап алшы, жылайтұғын алғашқы ер емессің.

 

Ақылыңнан жүйрік келген ашуыңды басайын,

Айтшы немен жабырқаулы көңіліңді ашайын.

Мұңың бар-ау айта алмаған жаныңа орап жасырған

Қайран күндер еркелікпен иығыңа асылған.

 

Адия Маратова



432
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться