Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Сүйем сені туған ел (Адия Маратова)

Сүйем сені туған ел (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

    Сүйем сені туған ел

 

Маржан күріш, қызыл алма, көк алма,

Жасыл жайлау, жан-жағымыз көгала.

Мұнан асқан мен білмеймін бақытты

Қыста өскен жазғы гүлдей уақытты.

 

Сүйем сені, сүйем сені, туған ел,

Сүю үшін мен өзіңді туған ем.

Сүйем күнді, гүлдеріңді, ақ таңды,

Сүйем ашық, бүркітің бар аспанды.

 

Әкем туған, атам туған алашым,

Әжем туған, осы жерде анашым.

Қайтып қана сенен алыс кетемін,

Туған жерім, менің Атамекенім.

 

Қазағымнан мен бір тамған тамшы едім,

Айналайын, қалың жұртым, әнші елім.

Сүймеу сені мүмкін емес туған ел,

Бақыттымын, бақыт үшін туған ем.

 

Адия Маратова



790
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться