Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Ғайып бейне (Адия Маратова)

Ғайып бейне (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 августа 2011
Адия Маратова
 

                  Ғайып бейне

 

Өз-өзімді кешірмеймін неге ұстап қалмадым,

Тек көзбенен сонау шетке шығарып сап жыладым.

Ғайып болды ұзап менен бейнеңізді жоғалттым

Сізсіз босап жан дүнием, сізсіз мен не қыламын.

Артыңызға кеттіңіз сіз бұрылмастан қарамай,

Қош деуге де білем неге көнбедіңіз жарамай.

Жасырып қос мұңлы көзді жалған күліп барасыз

Мұндай сәтте қоштаспайды ханның өзі жыламай.

Жаныңызды түсінеді сізді бар айналаңыз,

Сіз оларды түсінбейсіз қате бұрып аласыз.

Жер өртердей қылықтысыз, мазмұныңыз жоқ айқын,

Қарап тұрсам үлкенсіз сіз, бірақ әлі баласыз.

Жүр екенсіз тұрақ етіп кіммен қандай кепені,

Жаныңызды қандай сезім, ойлар мекен етеді.

Сеземін сіз жақын жерде жебеп жүрсіз біздерді

Жақында емес жанымызда болғанға не жетеді.

Қарауыл қып бердім сізге тілек-бата сөзімді,

Алаңдаған жүрегім де сізге қарай созылды.

Жұмыр басым түрлі ойды үлгереді жағалап,

Қалың мүңға төзбес нәзік жаным тасқа соғылды.

Жанарым да жасқа толды ағытылып жүректен,

Сізді күтіп күні-бойы терезені күзетем.

Төрдегі бос сіздің орын жалғызсырап тосады

Мен сияқты қол үзсе де сізден күдер үзбеген. 

 

Адия Маратова



354
  • Еркебулан Утегенов Еркебулан Утегенов 21 августа 2011, в 18:20:46
    Қалың мүңға төзбес нәзік жаным тасқа соғылды....

    — Адамның жан-жүрегін ауыртатын сөздер…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться