Аққу-айым

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 16 августа 2011
Айжан Нұрланқызы
 

 

Көңіліңнің ырқынан тыс атттайын,
Қыз алдында мен біраз ұсақтайын.
Жүрегіңнің дүрсілін тыңдау үшін,
Құшақтауға бола ма,құшақтайын.

Құшақтайын, аянба келші, күнім
Келші күнім, кел сезім, келші мұңым.
Сағынып кеп құшағым ашылғанда,
Ұмтылмасаң сүйіктім ерсі мұның.

Құшақтайын мен сені қатты, жаным!
Құлағымды кеудеңе сап тұрамын.
Қанатымен су сабап бара жатқан,
Естіп тұра тұрайын аққу әнін...

        Қанат Рамазан 



498
  • ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ҚЫЗ ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ҚЫЗ 16 августа 2011, в 17:32:04
    Жақсы жазылған екен. Сірә, сүйген жанын сағынған жігіттің сөзі бауырымызды жылытып жәберді ау
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться