КЕШІР МЕНІ...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 23 августа 2011
Данияр Омар
 

Өзіңсіз жүре алмайды екен мынау,

Көңілден кез болар ма кетер қырау?.

Алдыңда кінәлімін, кінәлімін,

Не керек, өкініш пен бекер жылау.

Өзіңсің есімдегі,

Қинайсың несін мені.

Сүйіктім, кешір мені,

КЕШІР МЕНІ...

Кешірдім ұзап кеткен сапарыңды,

Кешірдім ашуыңды, қаһарыңды.

Кешіріп, кей кештерге жібердім мен,

Білсемде,

білсемде өзім жылап жатарымды.

Кешірем, таға берем несіне мұң,

Несіне бұзам әсем кеш реңін.

Зарықтыр, зарықтырсаң, жалықтырма,

Сонда мен амалсыздан кешіремін.

 

Ф.Оңғарсынова — К.Ахметова.



1208
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться