Ғажап фильм

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 2 сентября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл
Мерзімі бар сақталар бейненің де әр.
Күнде естесің – меңің бар ақ жүзіңде,
Биқасап көйлегің бар.

Жадым жақсы, жағымды қинамаймын,
Ибасы да асқақтау, илан, айым;
Көзді жұмсам, шығады бір көрініс
Ғажайып кинодайын.

Адам қатар өсірген айламенен
Айнала  ағаш жап-жасыл айнала — емен,
Көлеңкеден шығасың… Басталады
Бір фильм «Ләйлә» деген.

Ғажап фильм осынау өңірдегі ең
Соны көріп мұңаям, көңілденем.
Жазып, қойып, шығарған режиссері
Бірақ оның Өмір деген.

Жұматай Жақыпбаев



416
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться