Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Сен қайда жүрсің?

Сен қайда жүрсің?

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 4 сентября 2011
Жанар Сейтмат
 

Сен қайда жүрсің?
Мені осынша сағындырып,
Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.
Мен сені іздеп жүрмін
Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,
Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.
Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.
Кеудемде қамалған үн,
шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.
Басқаларға айта алмас сырымды мен
Ішімдегі бүгіп жүрем -
ақтаруға тек қана саған бәрін.
Жанымды жайып салам,
Көмілмей жасқа, мұңға,
Орап сені сағыныш – ақ сағымға.
Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса
Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша
Отырамын көз ілмей бас жағыңда.
Арпалысқан сәтте сол
сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт
Әттең атып қалады-ау таң да күліп…
Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,
Ол да сені нұрымен аймалай ма?
Қой, адамша қызғанып Ай неғылсын,
Сағындым ғой, сен осы қайда жүрсің?

Авторы: Фариза Оңғарсынова



730
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться