Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мазасыз жүрек жырласын

Мазасыз жүрек жырласын

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 20 сентября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,
Шындықты жақтап жүретіндермен,
Сыйластық сырын білетіндермен
Танысқым келеді менің.

Жаманға жағынбайтындармен,
Жоқтыққа тарылмайтындармен,
Арманнан арылмайтындармен
Табысқым келеді менің.

Жанары мөлдірегендермен,
Жүрегі елжірегендермен,
Үмітке сендіре білгендермен
Достасқым келеді менің.

Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен -
Бас қосқым келеді менің.


Ақұштап Бақтыгереева



546
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться