Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Уа, Жамағат, жақсылар тілден тиыл

Уа, Жамағат, жақсылар тілден тиыл

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 23 сентября 2011
Багдат Абишев
 

 

Уа, жамағат, жақсылар тілден тиыл. 

 

БисмилләәһирРахмәәнир Рахийм.

Сөздіңде, сөзі болар тыңдар құлақ,

жұмсақ тілге екі жақ болар тұрақ.

Бос сөздерден тиагөрдеп бір Аллаһтан,

қорқыныш пен жүремін көп дұға сұрап.

 

Бос сөздер жүрегіңді қарайтады,

жақсы сөздің иншАллаһ бар айтары.

Бос сөзді қой, ғайбат айтпа, ширік1қылма,

сонда сені күтер Жәннат арай бағы.

 

Асты-үсті сөйлей берме бостан-босқа,

тілден тиер көптеген пәле басқа.

Былғамағын тіліңді өтінемін,

өтірік пен мақтан сөздер өңшең ласқа.

 

Дұрыс сөйлеу, сабырлылық бір туысқан,

босатпағын екеуінде сен уыстан.

Сөз дегенің құр пайдасыз сөйлеу емес,

расында өткір болар сөз қылыштан.

 

Әлсіз жер адамзаттың баласында,

бұл сөзге бауырлар-ау наласыңба?

Нәпсі жүр қылдай шайнап алыста емес,

екі жақ пен екі бұттың арасында.

 

Ойдың түбін ақтарсаң шындап терең,

Ислам  көпті талап қылмас қыйнап сенен.

Алланың соңғы елшісі Мұхаммад(с.ғ.с)2да

«Нәпсіңмен күрес бұл үлкен жиһад3деген.»

 

Егер жүрсең жаман сөзді асыруда,

шамаңда келмес қияметте оны жасыруға.

Иығыңда періштелер қалт жібермес,

әрбір айтқан сөздеріңде жазылуда.

 

" Ғайбаттау4есек етін жегенмен тең",

бұл хадис түсінгенге жүрекке ем.

Жақсы сөйлеп, ғайбат айтпай талпынайық,

қуантар Аллаһ, сонда бізді жәннатпенен.

 

            Тілге ғана ылайықты қамау, түрмең,

көп күнәлар тыйылады сонда бірден.

Көп сөйлеудің зиянын білгеннен соң,

Сахабалар5кейбірі аузына тас салып жүрген.

 

                                                                                                     Бағдат Абишев.

 

             

1.Ширк-Аллаһқа серік, ортақ қосу. 2.(с.ғ.с)-саллАллаһу а’лейһи уәссәләм. 3.Жихад-Аллаһ разылығы үшін күресу, соғысу. 4.Ғайбат (ғыибат)-мұсылман адамның артынан жаман сөз айту. 5.Сахабалар-Аллаһ елшісімен бірге болған мұсылмандар.



433
  • Бахытжан Сексенбай Бахытжан Сексенбай 16 декабря 2011, в 20:51:43
    Ассалаумалейкум! Аллахтың Нұры жаусын! Аллах Разы болсын!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться