Қара шаңырақ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 23 сентября 2011
Багдат Абишев
 

 

Қара шаңырақ

Биссмиллаһирраһманирраһим

Жырақта жүріп асығамын өзіңе,

Сағынамын өксік кернеп езіле.

Саған жетсем оралғандай боламын,

Сол бір ерке бүлдіршін бала кезіме.

 

Үлкен атам пана қылып жасаған,

Ескіріпті-ау көпті көрген босағаң.

Кеше ғана сәби едім тым нәзік,

Сығалап анау,қарап тұрған тасадан.

 

Сенен тарап кетті  ұл-қыз жыраққа,

Кеп тұрады олар саған бірақта.

Тек өзгеше олар енді жат болды,

Ие болды сендей пана тұраққа.

 

Әке, қалай, есен-аман жүрмісің,

Анаммен бірге шаруаң көпке өрбісін.

Қонақ жай көңіл ақ пейілді екеуің,

Үзілмесін шаңырақтан төр кісің. 

                                                                      Бағдат Абишев.



442
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться