Ұнатам күзді

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 сентября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Ұнатам күзді,
Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаны,
Түскені жерге… сандалып, сабылысқаны.
Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары,
Жұбатам күзді.

Бақта да сәнді
Қыдырам алыс ақылгөй ақымақтардан,
Жұбатам сосын көңілді қақырап қалған.
Бақыттырақпын мен аздап жапырақтардан,
Мені ешкім таптамаған-ды.

Дегенмен-дағы,
Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына,
Тірліктің күйкі отына қақталарыма,
Жапырақ сынды бір күні… тапталарыма
Сенем мен тағы.

Бәрі де бекер,
Мәңгілікті ойлап қайдағы кетілді жаным,
Өлемін ақыр… оған да бекінді тәнім.
Тек қана жапырақтардың соңғы әні секілді әнім
Әріге кетер...

Жаңбырлап қыз-күз,
Көңілсіз күйдің түскенде торына ғалам
(Болмашы бақыт тапқанда сорынан адам),
Жапырақтарды бүріскен қолыма алам,
Тағдырласпыз біз...

Аділ Ботпанов



540
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться