Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мен сені көрмегелі

Мен сені көрмегелі

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 сентября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Мен сенi көрмегелi,
Көп болды сағынышты тербегелi.
Қия алмай аққуым-ау көштен қалып,
Жүрсiң бе күтiп сонау көлде мені.

Көрмеспiн сiра, ендi мен.
Аңсаумен жара жаным жылар, бiлем.
Қаламнан, қағаздан да жалығармын,
Таусылар ақыры бiр жыр-әңгiмем.

Көрмейсiн менi сен де.
Iздерсiң сырыңды iшкi бөлiсерге.
Мен сонда жасандылық танытып-ап,
Мiз бақпай тұра берем, ерiсем де.

Өтермiз көрiсе алмай.
Өтермiн өмiрден де көп узамай.
Үнi өшсе сонда менiң сыбызғымның,
Қолыңа қобыз алғай.

Екеумiз бiрге тартқан күйдi еске алып,
Өтiнем, соны салғай.

 

/авторын білмедім/



567
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться