Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Қоштасу да бір бақыт

Қоштасу да бір бақыт

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 18 октября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Ұқтырып тағдырыңның бөтендігін
«Келем»,-деп кеттің алыс, ертеңгі күн.
Енді ғана түсініп жүргендеймін,
Қоштасу да бір бақыт екендігін.

Көз алдыңнан өткізіп мың жасынды,
Тұңғиық жанарларың мұң жасырды.
Ақырғы рет аймалап кете бардың,
Көрсетуге жасырып көз жасыңды.

Бейнеңді серік қылып жұбанамын,
Бір өзіңсің тағдырдан сұранарым.
Сағынуға тұратын бұл өмірде,
Бір адам болғанына қуанамын!

Бақытгүл Бабаш



647
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться