Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...

Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 18 октября 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем,
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.

Адасып барып, таласып-талып,
Сүрініп, сосын, ес кірді.
Адамның нағыз бақытты шағы –
Сүймеген кезі ешкімді.

Жылынып барып, жұлынып-жарып,
Жүрек көзінен жас тамад.
Махаббат оты тұтанған күннен,
Бақытсыздықтар басталад.

Көрінбес көзге елесті қуып,
Көңілді, сосын, бір демдер.
Адамның бәрі сүйіскен сәттен,
Бақытын іздеп жүргендер.

Санасы әбден ескірген деме,
Санама жасық, пасыққа.
Бақытты болғың келсе егер, досым,
Сүюге онда асықпа!

Адастым дей бер, адамның бәрі,
Бақытқа сендей асыққан.
Бақыттымын деп айтпайды бірақ,
Себебі, олар – ғашықтар!

Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,
Жүректей жұқа бөлмеден.
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Ешқашан сүйіп көрмеген.

Асылзат Арыстанбек



5816
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться