Алғашқы қар

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 28 октября 2011
Anarka Must
 

Тағдыр, бәлкім, ендігі сәт

Мұңдарымды шаттықпен алмастырар...

Жапырағы жер құшқан тал-теректер

Аппақ жаулық жамылып,

Күздің әнін басқаша жалғастырар.

Армандарым сияқты кіршіксіз, пәк,

Жерге аман жеттің бе, алғашқы қар?

Жауа түсші, ақ қарым,

Аспан жасын тыймасын.

Аяз қыссын, мейлі, мейлі қинасын.

Мұзды ерітіп, тасты да балқытатын

Жүрегімде бір сезім бар,

Көңілімде күдік емес, күй басым...

Асығамын соған қарай,

Бақытыма барар жолда аппақ ұлпа —

                                            үмітіңді сыйлашы.

Авторы: Құралай Омар



1099
  • Айқаракөз ... Айқаракөз ... 28 октября 2011, в 17:03:20
    Құралай керемет өлеңдерімен «жүрегімді жаулап» келеді :))
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться