Ересек қыз

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 октября 2011
Шерхан Талап
 

Ересек қыз 

Сандалған сезiмдердiң егесi ек бiз.

(Ел үшiн айтылатын бiр өсекпiз.)

Сiз менi бiр елемей қойдыңыз-ау,

Санамды сабылдырған ересек қыз.

 

Жанардан мұңды жасым тамса жайсыз,

Ұрысып жүрегiмдi паршалайсыз.

Шынашақтай баланың сүйгендiгiн —

Паңданып, өзiңiзше ар санайсыз.

 

Бiз жайлы маздағасын ел өсегi.

Жұбатып: «қайтесiң?» деп жел еседi.

Өзiмнен үлкен қызды сүйiп қалсам,

Бұл менiң – есерлiгiм емес едi.

 

Iздеген бағымыздың елесi егiз.

Сезiмнiң майданында егесемiз.

Мен сiзге қорғаныш та бола аламын,

«Алты жас кiшiсiң ғой» демесеңiз.

 

Бақытты бола алмайсыз басқаменен,

Қашқақтап жүргендейсiз босқа менен.

Қайтесiз менменсiнiп, бiлесiз гой,

«Махаббат қарамайды жасқа деген».

 

Кей сәтте бiр үмiттi артасыз да,

Алдайсыз, түлкi сынды жортасыз да.

Сiз әлде менiң қарыс құшағымда,

Жылынбай қаламын деп қорқасыз ба?

 

Мен сiздi әр сөзiме сенсiн деп ем.

Адасып баратырмын елсiзбенен.

Телмiрiп көзiңiзге қарай берем,

Бейкүнә сезiмiмдi менсiнбеген.



586
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться