Сағыныш ауылы

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 4 декабря 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Бұл мекенде көктем де жоқ, күз де жоқ,

Жаз дейсіз бе? Ондай мезгіл бізде жоқ.

Біз үнемі сырласамыз айменен,

Ай нұрымен көл бетінде жүзген от.

Жауын емес, біздің елде мұң жауған,

Гүлдер емес, шоқ тереміз гүлзардан.

Біз бәрібір көз алмаймыз биіктен

Құлап бара жатсақ-тағы құздардан.

Бізде тәтті күрсініс бар, жылау бар,

Ерімейді жүректегі қырау, қар.

Өз імізді кейде ұмытып кетсек те

ОНЫҢ ылғи амандығын сұрау бар.

Біздің жанар  ақ үміттің айдыны,

Үмітпенен жеңеміз бар қайғыны.

Жұдырықтай жүрегіміз соғады

ОНЫҢ биік болса екен деп айбыны.

Елес болып, елес қуып жүреміз,

Түн пердесін ұйықтамай-ақ түреміз.

Сіздер білмейді екенсіздер біз мұнда

Сағыныштың мекенінде сүреміз.

Бақыт құсы бізді айналып ұшады,

Бұл мекенде жанның бәрі құсалы.

Сіздер жақта көктем дейді, жаз дейді,-

Біздің жақта қыс әлі...

 

Cәрур Қасымқызы



457
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться