Әдемі өлең

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 5 декабря 2011
Мөлдір Махаббат*
 

<span color:="" font-family:="" sans-serif="">Есте жоқ. Күліп пе ем?
Кілті жоғалған құлып па ең?
Есімде үмітті тоңдырған
Сендегі суық дем.
Жылады бесік түн,
Сыртында телміріп есіктің.
Сендегі сезімнің қазасын
Жасқанып жүрекке есіттім.
Жаныма қою мұң сіңірдім,
Ішінде адасып іңірдің,
Жерініп жерден, аспанда айдың
Жас шалған кірпігіне іліндім.
Үзілсем үзілем биіктен,
Сүйіктім, бір кезде сүйікті ем.
Ерінді қойшы, есте жоқ
Жүрекпен сүйіп пе ең?
Өмірге көрмеппін еркелеп,
Алғаш һәм соңғы рет еркелет.
Сағыныш қалдыр да жаныма
Жалғыздығыңды ерте кет.

Сәруар Қасымқызы



899
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться