Мама

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 5 декабря 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Көңілсіздеу бүгінгі іңірдің десі,
Төзімді бойға уақыттың сіңірді көші.
Мейірімге шөлдедім,
сағындым, Мама,
«құлыным» деші?..
Жамандықтан бұл күнде жүрегім ада,
Сен де мені сағындың,
бiлемін, Мама?!
Түсіме енші, Тәңірден бүгінгі менің
тек осы тілеуім ғана!
Тыныштықты қай жақтан табады санам?
Жылылық аңсап Тағдырдың қабағын бағам.
Күтші,Мама,күп-күрең Күзді арқалап,
кешікпей барады балаң...
Жазғырма, Мама, қара деп көңілі босын.
Қайтейін мұңның өмірде өрімі басым.
Оңашада отырам өлеңмен сүртіп
Осылай көзімнің жасын.
Кешірші, Мама...

Айжан Табаракқызы



541
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 06 декабря 2011, в 19:10:42
    Оңашада отырам өлеңмен сүртіп, Осылай көзімнің жасын…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться