Жапырақ үміт

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 5 декабря 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Бұл жаққа міне, жетінші мәрте күз келді.

Жеті жыл бойы үмітін жүрек үзбеді.

Жалғыздықпенен қанша жыл тағы мұңдасам?

Кездестіреме тағдырдың жолы бізді енді?

Қайтқалы қашан, аққулар біздің Есілден?

Әкете алмады, өзіңді бірақ есімнен.

Соңғы рет болсын, жолықтыршы біздерді.

Қияңқы тағдыр мен сені сонда кешірем.

 

Көңілің әлi де елеңдей ме екен мен десе?

Сезімнің иісі жұпарлы еді өзгеше.

… Жаныңжабырқап өткен сайын сен жалғыз.

Кінәлайма екен мен мұңлықты сол көше.

Жалғызбын...

солай...

күндерде құрғыр өтпейді.

Бір көрсем екен...мәңгігесосын кет мейлі...

Жапырақ үміт ілініп үнсіз мүлгидi.

Тағы бір күзге жетеді, бәлкім жетпейді?..

 

Айжан Табаракқызы



500
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться