Маған бүгін

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 5 декабря 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Маған бүгін қайғыны айтпа, қайғыны
Сен жайлы Арман жүрегімнің байлығы.
Тағы да Түн,
Сен емес
Жанарымды аймалайды Ай нұры.

Мұңды да айтпа, мұңды да,
Кірпігіме тағы да сол, бір мөлдір шық тұнды ма?
«Қызғанамын»  деуші едің ғой, ал қызған
Құшағына алып жатыр Түн мына.

Нені ұқтым мен осы,
сен жайлы ойдың сөгілгенде көбесі?!
Тым болмаса мөлдір мұңға мендегі,
Тимесе екен Тағдырымның жебесі.

Жұлдыз ақты тағы да,
Біссімілла… бағым шығар… Бағым ба?
Мендегі ойлар сен жайлы
Ешкім әлі қол сұқпаған қазына..

Айжан Табаракқызы



654
  • **Ай-Ару** **** **Ай-Ару** **** 12 декабря 2011, в 13:01:34
    асерлі, адемі олен…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться