Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мақта қар жауып тұр мақтаншақ

Мақта қар жауып тұр мақтаншақ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 17 декабря 2011
Жанар Сейтмат
 

Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Айнала шашылып ақ моншақ.
… Ал, менің жапырақ жүрегім,
Жабықты жаз күнін қатты аңсап.

Қар жауды. Ұялшақ көктемнің,
Салқындық тағы да өпті ернін.
Құтқарып алатын мені ойдан,
Қайдасың көріктім,
… жоқ белгің.

Мен сені қамығып қанша күн,
Сағынып іздедім, аңсадым.
Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр,
Тоңдырып сәмбітал саусағын.

Жазығы жоқ қардың кіршіксіз.
Бүріскен бұтасы бүршіксіз,
Ақ қайың арманым тек менің
Мұңайып тұрғандай мұң – шықсыз.

Авторы: Қалқаман Сарин



619
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться