Суынып барам...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 12 января 2012
Мөлдір Махаббат*
 

Суынып барам...
Кербезденген сал түндей Ай төбелі.
Жан еді деп сүйген ем қайтем енді
Көнемін  ғой, онсыз да бұл жүректің
Бұрында болып еді қай дегені?

Барі осылай бітер деп ойладым ба?
Қажытты бастан өткен жайлар мына.
Қайыры бар сөз таба алмай қысыламын
Көзімнен алақанын жайған мұңға?

Санама ылғи ұйытып сабырымды,
Жүр едім, қозғап кеттің тағы мұңды.
Сонда да бір кездегі сезім үшін,
Көктегiм, жарылқай жүр жарығымды.

… менсіз де тоқтатпайды күндер көшiн.
… Тыныш… тыныш, барi де үндемесiн.
… тағдыр да мандайымнан сыйпамады,
… жұбаныш iздейм осы түннен несiн?

Өмiр қабақ ашпаса өзi бiлсiн
Мен енді жыламаспын сезім үшін.
Сыртта боран басылды… шаршаған-ау,
Ол да аздап көзiн iлсiн..

Айжан Табаракқызы



610
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться