Үміт

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 12 января 2012
Мөлдір Махаббат*
 

Күз.
Алакеуім.
Жатыр әне ішке тартып дала демін.
Бүгін тағы...
Келмедің. Үміт жылап.
Жалғыздық құшағымда қала бердім.

Мұң түнетіп санасына Қоңыр Күздің.
Жолымызды қоспай ма рас, Өмір біздің???
… «Күт» деген ең… соңғы рет… Содан бәлкім.
Үмітті келген еді, соңында үзгім.

Хабарың жоқ… Көңілде күдік басым.
Сарқылған жоқ сонда да үміт жасым.
Түндер өлген күн бар ғой… мен ешқашан.
Ол жайлы,
Ұмытпаспын...Ұмытпаспын.

Айжан Табаракқызы



671
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться