Сізді ойласам

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 24 января 2012
Мөлдір Махаббат*
 

Сізді ойласам,
Керегі не тамақтың?
Қамай алмас мені ешқандай көр, лашық.
Сізді ойласам,
Керегі не қанаттың?
Ұшамын кеп,
Тұра алмаймын жер басып.

Жалғыз ұшам,
Жазылған сол маған.
Жалтырайсыз қазынамдай төменде.
Күн сүйеді көңілімді толмаған,
Түн сүйеді басын сүйеп еменге.

Жалғыз ұшам жараланған күйімде
Сіз ол кезде тәтті ұйқыда жатасыз
Бақытты әйел үйінде...

Гүлнәр Салықбай



901
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться