* * *

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 16 февраля 2012
Anarka Must
 

Маздатып та мұздатып та бұл жүректі,

Дүрмекпенен тағы да бір күн өтті.

Біреу күлкі сыйлады...

Ал біреуі

өзі жұқа жүйкені күлдіретті.

 

Бір күн өтті зымырап, тағы ысқырып,

Екеумізді мүлдемге алыс қылып.

Мені айырып, ал саған айнымастай

Жақсы-жақсы достарды табыстырып.

 

Бір күн өтті… күшіңді жанығайсың!

Ертең мені көрсең де танымайсың...

Емінжарқын, елпілдек мінезіңмен

Таныс еместерге де тағы ұнайсың.

 

Өткізіп ап барлығын елегіңнен,

Бәрен адал боласың – сенемін мен!

Сен сырласып жүрерсің соларменен,

Мен тек қана өзімнің өлеңіммен...

Авторы: Гүлнар Салықбай



466
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться