Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Ешкімің сенің емеспін (Адия Маратова)

Ешкімің сенің емеспін (Адия Маратова)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 16 февраля 2012
Адия Маратова
 

Ешкімің сенің емеспін

 

Тереземе аяз сурет салады,

Бейнеңе сенің оны мен ұқсаттым.

Естелік боп енді баяғы

Қалармын, есте сақта мені ұзақ күн.

Ешкімің сенің емеспін,

Шақырсаң енді келмеспін.

Іздесең мені езіле

Елесім сені тербетсін.

Сен емес мен сені сүйдім,

Кеудеме жалын боп сыйдың.

Жалғыздық досыңа ұстатып

Қалайша мені сен қидың.

Ешкімің сенің емеспін,

Қалармын енді боп кескін.

Жоқ олай ойлай көрме сен

Мен сені баяғыда-ақ кештім.

Жұмақта жүздім сен барда,

Жағада тұрмын, жел алда.

Көрісер семен күн туар

Үмітім сен менен қалма.

 

Адия Маратова



895
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться