Айтылмаған сыр

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 15 мая 2015
Нұржігіт Айдархан
 

Жазайын бір жаңбырлатып өлеңді,
Қай теңізге қайырлаттым кемемді.
Өзімді әлі түсінбеген жайым бар,
Түсіндірем деп жүргенде әлемді.

Күллі әлемді түсіндіргім келетін,
Көңілімде күмбірлейтін көне түн.
Мына менің жүрегімнің жұлдызы,
Қисыны жоқ қиялыма сенетін.

Тамыр басып тағдыр жайлы толғап ем,
Жүрегіме жұлдыз түсті тамды өлең.
Қай өлеңді оқымадым мен бейбақ,
Қай ақынмен ауырмадым сонда мен.

Гүлдерді аңсап қауыздары ашылған,
Талай дәурен ұшып кетті басымнан.
Жүрегімнен басталғаным не керек,
Жаратылмаған соң көркем жасыннан.

Дұшпан таба қылып… кейде дос күлген,
Мейлі оның бәрін кейін кештім мен.
Бірақ бүгін оқи алмай бір өлең,
Ауыра алмай жүрмін тағы ешкіммен.

Хамит Есаман



313
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться