Мен өмірмін

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 26 мая 2015
Нұржігіт Айдархан
 

Мен өмірмін,
менмін ол өмір деген,
Күн күлімдеп тұрса да көгімде ерен,
Жылу болып ешкімге бөлінбегем,
Мейірім боп ешкімге төгілмегем.

Мен өмірмін,
өмір ол мен емеспе ем?
Қуған жанға жеткізбей өре көшкем.
Ессіздерді шығармай елеп естен,
Ес кетіріп естімен ерегескем.

Бишіксізге бұқара билетпедім,
Имектедім мықтыны, күйретпедім.
Жақсылықты елеуді сиреткемін,
Ұмытшақтық уақытқа үйреткенім.

Кек кеулесе, кеудеде қайғы есіріп
Өкініш боп оралам, жәй кешігіп.
Ана өмірде сауабын өсірмеймін,
Мерейі өссе мекердің майкекірік.

Армандайсың несіне арсыны атап,
Тас теспесе алмас ед тамшы да атақ.
Әурелегем онсызда талайларды,
Қара орманнан тапқызбай қамшыға сап.

Тұрсам дағы тамылжып тамыз құсап,
Арандатқам талайды азуды сап.
Өтіріктен тұрғызып мұнарамды,
Ақиқатқа тастағам ажырғы сап.

Тілесең де таймаймын қаттылықтан,
Шабыттанып аламын жат қылықтан.
Жамандадың неліктен, мен емес пе ем,
Қазынаңды әперген ақ құлыптан.

Әй, ақыным,
неліктен түсің қатқан,
Бойымдағы білесің күшімді ақпан.
Мен емес пе ем тұлпардай кермедегі,
Қаламыңның тұяғын тысырлатқан.

Жабырқаумен жаман мұң жамылмадың,
Ақылыңнан әйтеуір арылмадың.
Мен өмірмін
ендеше есте тұтқын,
Бұл өмірден керектің бәрін де алдың.

Айдана Қайсарбекқызы



263
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться