Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Алматының аспаны

Алматының аспаны

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 22 июня 2015
Нұржігіт Айдархан
 

Алматының аспаны жылап тұрды,

Тал-жапырақ жамырап құлақ түрді.

Сағыныштың көз жасы… кім біледі,
Ол да мүмкін сағынар,
Бірақ кімді?! 

Алматының аспаны көлдейді екен,
Әлденеге ол да бір шөлдей ме екен.
Саратан да шөлдеген сергелдеңге,
Сол көз жасын сусын ғып бермей ме екен!

Алматының аспаны бұлайды екен,
Тәңір жақтан мөлдір мұң құлайды екен.
Мөлдір мұңға балконнан бетің тоссаң,
Көңіліңде бір сезім тулайды екен. 

Алматының аспаны себелейді,
Мұны бірақ тұрғындар елемейді.
Адамдарды аяймын қолшатырлы,
Мендік сезім оларды бөлемейді. 

Көктен жауған жаңбыр ма, сезім бе екен,
(Еске түсті еліктей кезің көкем)
… Алматының аспаны жылап тұрды,
Алматы ма, жылаған өзім бе екен!!!

Тұрсынбек Башар



234
  • Салта Дю Салта Дю 28 июня 2015, в 20:48:09
    Комментарий удален пользователем
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться