Мама

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 20 июля 2015
Мөлдір Сезім
 

 

 Мама, мама –

Жалғандағы жалғыз ән,

Сезімімді оятатын қалғыған

Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып,

Қауырсынмен ай бетіне салғызам.

 Мама, мама –

Ең әдемі сөзім бұл,

Ең шуақты, ең бақытты кезім бұл.

Жер шарына мейіріммен қарайтын

Жанарымда   сенің  сұлу көзің жүр.

 Мама, мама –

Жарқыраған  күнсің  сен,

Аспан, тау да, мөлдір ауа, гүлсің сен

Сәуле болып, баққа айналып Өлеңім

Ғұмырымда бір күлдіріп үлгірсем.

 Мама, мама –

Жырақтамын  жаныңнан,

Сені көрмей сағыныштан арылман

Жапырақтай Өлеңімді құшамын,

Ол су сынды саусағымнан ағылған.

  Мама, мама –

Ренжітсем  бір  кезде,

Кешіре гөр,  бейбақ басым білгем бе?!

Жылағанда анаң, әкең мұңайып,

Шалқитынын болмашы бір күлгенге.

  Мама, мама –

Қорғанышым, тірегім,

Жүрегімдегі солмайтұғын гүл едің

О, Жаратқан, жалғыз Аллам, анама

Ұзақ ғұмыр бере гөрші тілегім!!!

Жұлдыз Бейсекова.



285
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться