Сообщества  >   SADKO FM  >   SADKO FM #8 {Журналист, саясаттанушы, былоггер-бырат Жарқын Алашпен}

SADKO FM #8 {Журналист, саясаттанушы, былоггер-бырат Жарқын Алашпен}

rss SADKO FM 5 октября 2011
SADKO FM
 

Сәлем бердік, әлеумет! Армысыздар, бармысыздар! Сіздермен Он әлеуметтік желісіндегі SADKO FM радиотолқынында Садық "Қара Сақал" Шерімбек және бүгінгі эфиріміздің қонағы танымал блогшы Жарқын Алаш! Сіздермен Анараның құрметіне шырқалатын мынадай әсем әуенімізден соң қайта қауышамыз!

SADKO FM де бір шумақ
Елемей қырды гүлсіз, күнді нұрсыз,
Кездесіп тұрды екеуі.… Тұрмын үнсіз.
Батырған мені мұңға қоңыр Күз бен
Жігіттің қолындағы гүл ғұмырсыз...
Қалқаман Сарин

·        Жәке, осындағы жаңадан келгендер үшін өзің жайлы айтсаң?

·        Жеке посттарында өзі жайлы ашық айтатындардың біреуі мен шығар. Дегенмен айта кетейін, бала кезінде таэкван-домен «ауырған», уақыт өте Бекхэм болғысы келген, «жоқ әлде заңгер болсам ба екен?» деп жүріп саясаттанудан екі диплом алып, журналистикадан бір-ақ шыққан адаммын. Қызмет жасаған ортамда ешкіммен қатты ренжісіп көрмеппін, қиқар қалжыңымды түсінбей қалғандар болса бірінші болып сөйлесіп кетемін. Жалпы супер болмасам да артта қалмағанымды білемін.   

·        Сұрақтар кішкене бытырап тұрғанына ренжімегейсің. Мына бір сұраққа назарыңды аударғым келіп отыр. Нағашыңды қаншалықты сыйлайсың?

·        Қай нағашымды?))) менің 12 туған + 1 тумаған нағашым бар. Бірақ сол тумаған нағашым жақында болғандықтан, сырласып, пікір алмасып тұрамын. Ең бастысы — ол өз ісінің нағыз маманы.  

·        Сен үшін махаббат деген не?

·        Мен үшін махаббат — әлемдегі ең кіршіксіз нәрсе.  

·        Серілікті қалай түсінесің?

·        Серілік жарасатын адамдар болады, жараспайтындары тағы бар. Әр нәрсенің шегі бар. Серіліктің түбі Қалқаман ақын айтпақшы «мерекесі көп, берекесі жоқ күндерге» ұласып кетпесе болды.  

·        Өзіңмен толық қосылам. Мәселен, Болатбек, Азиз, Сакен және сен орманда келе жатырсың, барлықтарыңның карындарың аш, сенде ғана дорба бар, дорбаның ішінде бір адамға ғана жетететін бір үзім нан бар. Бірақ, оны сен ғана білесің. Сенің әрекетің қандай болады?

·        Бәрібір ешкім тоймайды екен. Орман құстарына қорек етерміз мүмкін ақылдасып. Үш тасбақаның маевкаға шыққанындай алдай салуға да болады. Бірақ Ботик алданбайды ғой)))

·        Жәке, алдыңғы посттарыңнан көзім шалып қалды. Жарың Алтынмен болғаныңа 6 жыл болыпты, Жайықтын ерке қызын калай сындырдың? Романтикалық іс-әрекеттер жасадың ба?

·        «Сындырдың» деген қандай мағынада?))) енді өзі де кет әрі болмаған сияқты. Обалы не керек, артынан көп жүгіртпей тез сынды ғой. Романтикалық әрекеттер болған шығар. Көп емес.  

·        Ән айтатыныңды білеміз. Болашақта сені клип түсіріп, әнші болады деген рас па? Түүүүһ, не деген слухтар дейм да:)

·        Құдайберген Бекіш боп қалатын жайым жоқ))) Әркім өз ісіне мығым болғаны дұрыс қой. Мен үшін ән айту — демалыс, хобби. Айтсам ешкім сенбес, тірі жан түсінбейтінді домбыра ұғады ғой кейде. 

  • Енді осы сөзіңнің дәлелі ретінде тыңдармандар үшін Мәриям екеуіңнің бірге айтқан әсем әндеріңді ұсынсам:) SADKO FM де экслюзив:)
SADKO FM де анекдот:

— Вовочка өскенде кім болғың келеді?
— Аяз ата!
— Неге?
— Оның несі жаман. Бір апта жұмыс істейсің де, бір жыл демаласың!
(қызық болмаса, жұмыртқа лақтырып адамның абыройын төкпеңіздер, сөкпеңіздер! орыстардың әнегі о бастан ұнамайд маған. амал жоқ жазып отырм бұқақақақа!!!)

·        Қазіргі таңда қыздар жігіттерді сараң дейді. Сен осыған не дейсің? Қыз бен жігіт ресторанда отырғанда счетты кім төлеу керек?

·        АҚШ-та жүргенде кешке ресторан деп программа бойынша алып барғанда әркім өзіне төлеп жүрдік. Ұйымдастырушылар ұялмайды да. Сөйтсем ол жақта әр ауызға жеке-жеке төленеді екен. Прагматизм бізге де кеп жатқан шығар. Бірақ менің оған арым жібермес еді.

·        Мына сұраққа жауап беруің біраз нәрселерді шешіп тастайды. Сенің жекеменшік нелегальный бизнесің бар, салық төлеуден қашып жүр дейді, сол рас па?

·        Легальный ғой. Бірақ салығын әкем тұрақты түрде төлеп тұрады. 

·        Бәсе, салық төлеуден жалтару сұмдық нәрсе. Бір рет патентімді уақытында өткізбей 30000 теңге айыппұл төлегенім есіме түсіп кетті. Ой, эфирге оралайын:) Он.Кзда барлық дерлік қолданушылармен тату қарым қатынастасың. Өз ұжымыңнан басқа, он.кзда кіммен жақсы араласасың?

·        Он.кз-ның қыз-жігіттерінің бәрімен. 

·        «Он.Кз командасы сені қатты құрметтейді екен, осы команданың әр мүшесі туралы не ойлайсың? Әр қайсысына жеке-жеке тоқталып кетсең» депті бір тыңдарманымыз:)

·        Оо, рахмет, құрметке — құрмет! Ең бастысы — олардың барлығы жұмыстарына адал. Ал адалдық бар жерде тиянақтылық та болады. Бәрі де — ақкөңіл, пейілі таза жандар. Шынын айтсам бәрі бір-біріне ұқсайды. Әлпеті жағынан емес, жалпы табиғаты бойынша.  

·        Бұқақақақа, мына сұрақты оқып, қараптан қарап тұрып, кететін жерден біржолата кеттім. Сұрақты жіберген тыңдарманға рыспек:) Қыздардың аяғына байқамай қарап қалуды қашан қоясың?

·        Мен тек Назеркенің аяғына қараймын, аяғыңды қисық баспай жүр деп))) Сосын Қуаныштың))) ол да өзі біледі не үшін екенін... 

·        Футболдан журналистер турнирінде Жарқын «Алаш айнасы» командасында қорғаныста ойнайды. Бірақ әріптестерінің сұраныстары бойынша ғана осы қапталда ойнап жүр. Негізі «Алаш айнасы» сапында қай шепте ойнағысы келеді екен? -депті. Бұған не дейсің?

·        Әзиз команда капитаны ғой. Алаңда оның айтқаны -заң біз үшін. Бұрындары шабуылшы едім. «Алаш айнасы» командасының алғашқы голын мен соққанмын («Жас Алашқа»). Бұл тарихта қалар ма екен?)) Бір қызығы біз кіммен ойнасақ та доп біздің қақпаның алдында жүреді))). «Шабуылшы болып алдыда босқа жүргенше аяғыма доп тигені жақсы ғой» деп Әзиздің айтқанына көнгенім рас.

·        Қазір жер-жерлерде баспасөзге жазылу науқандары жүріп жатыр, Cен қандай басылымдарға жазылдың?

·        Мен барлық газет-журналдарды сатып аламын. Қазіргі заманда жазылу арқылы, үйге жеткізілгенше ақпарат ескіріп кетеді.

·        Намаз оқисың ба?

·        Жоқ.

·        Қазіргі қыздарға қандай баға бересің? Ұлдарға ше?

·        «Қазіргі жастар бұзылып кетті, бұлар ақырзаман балалары» деген сөз Сократ заманынан келе жатыр. Қазіргі жастар алғыр, заманға бейім. Мен қылығы бөтендермен араласпаймын. Ал мен білетін қыздар — қылықты, мен танитын жігіттер — жігерлі!

SADKO FM де асыл сөз:
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады?
Нұрсұлтан Назарбаев
SADKO FM де жарнама:
Жағымпаз жігіттен Эльвираға: Мен сен ойлап жатқан адам емеспін, муахахаха. Бәрібір таппайсың:)

·        Журналист екенсің, журналист болғысы келетін жастарға қандай кеңес бересің?

·        Қазіргі кез сөз сапырып отыратын уақыт емес. Мағауин мен Әуезовтің кітаптарынан сөз ұрлап алып жазған мақалаң басылымды көп оқитын такси жүргізушілері мен сатушыларға тіпті де қызық емес. Сондықтан екі ауыз сөзбен бәрін жеткізуге тырысқан жөн.  

·        Мұныңды есте сақтау керек екен. Кей-кейде бойдақ болып жүргенім жақсы еді деген ойлар туындамай ма?

·        )))) өте қызық сұрақ екен! Менің білуімше, бұл ой еркектердің бәрінде болады. Кейбіреуі түнде ойын-сауық торуылдығысы келгенде, енді бірі отбасы араздығы кезінде айтады. Ал біреу ес-түссіз ғашық болғанда шығар. Мен ойлаймын ол ой басыңа келгенмен ештеңе өзгермейді. Алланың бұйрығы шешеді бәрін.

·        «Хәр кәлләде бір хайол» дейді өзбек быраттар:))) Қазіргі ең басты арманың не?

·        Басымыз аман, бауырымыз бүтін болса екен деймін! 

·        Әйел, бала-шағаңды алып қай жаққа қыдырып барғың келеді?

·        Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатайдың тауларына 

·        Бауырыңыз В-Әлем тобында өнер көрсетеді екен. Өзіңнің сол салаға баруыңа не кедергі?

·        Айттым ғой Құдайберген Бекіш болғым келмейді деп))) В-Әлем тобында інімнің өнер көрсететіні рас. Біздің үйде бәрі өнерлі. Тек біреуі ғана кәсіби. Қалғанымыз соның тілеуін тілейміз!  

·        SADKO FM-ге тілегің

·        Садко-ФМ аз уақытта аудиториясын жинап алды. Кеше достарым «сен Садко. ФМ-де екенсің ғой» деп жатыр как будто «Эхо Москвыға» сұхбат беретіндей))) Сұранысқа ие болған радионың болашағы ЖАРҚЫН, ұраны АЛАШ болсын!

  • Әп, бәрекелді:) Жәке, бүгінгі эфирімізге келіп қуантқаның үшін алғыс. Отбасыңа бақыт, денсаулық, татулық тілейміз. Кішкентайың тез жазылып кетсін!
SADKO FM толқынында бүгін әдеттегідей жалғыз адам жұмыс істеген жоқ! Эфирді жүргізген мен Садық "Қара Сақал" Шерімбек. Музыкалық редакторымыз Ақнұр "*** AKA ***"ханымға, және өз сұрақтарын қоймай жаудырған тыңдармандарымызға үлкееен рыспек білдіреміз:)
 
*Тілек, қарғыс, алғыс немесе сәлемдемелеріңізді астына жазсаңыздар болады. Өтініштер мен ұсыныстарды  радиопост ұжымы келесі эфирлерде орындауға тырысады! Құрметпен SADKO FM!
 
*Толықтырулар:
  • Егер сен президент болып тағайындалсаң, „Тіл мен дін“ мәселесінде қандай өзгерістер енгізер едің?
  • мен президент бола алмаймын. себебі мен радикалды түрде кетуім мүмкін)))
  • Жұбайыңа сыйға тартқан ең әдемі сыйлық қандай?
  • Жұбайыма Ерасылды сыйладым ғой)))
  • Өзіңде кәрістің ролінде сезіну ұнай ма?
  • Кәріс болу ұнамайды, сыртымнан таңа береді елдің бәрі


502
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 05 октября 2011, в 09:50:26
    «жесткий-жесткий» сұрақтар кетіпті ғой, СадкоФМ барған сайын қызық болып жатыр
    ответить
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 05 октября 2011, в 09:52:35
    Жарқын аға-ау, тегі артыңызда танк жүргендей сұрақтарға тез-тез әрі қысқа-қысқа жауап беріпсіз. Кімнен қашыптыңыз?! Я кім сізді соншама асықтырды?! Бірақ, дегенмен, әдемі сұхбат шығыпты. Садыққа үлкен ризалығымды білдіремін.
    ответить
    • НазЕрке Нысанбаева НазЕрке Нысанбаева 05 октября 2011, в 10:31:26
      Ғазиза Жарқынның артында шынымен де танк жүреді ғой. (Сәкен ойнап отырады танкпен, содан қорқып қалған шығар:)))
      ответить
      • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 05 октября 2011, в 10:32:23
        Бәсе, танктің дауысы шығып жатады)))
        ответить
      • Сәкен Алаш Сәкен Алаш 05 октября 2011, в 11:00:57
        Танкілеріме тисе бермеңдершиш
        ответить
        • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 05 октября 2011, в 11:09:42
          Күшікті алдым, енді танкілерді алуды ойластырайын)))))))
          ответить
          • Сәкен Алаш Сәкен Алаш 05 октября 2011, в 11:33:22
            шыбын жанымды өзіме қалдырсаң болғаны
            ответить
            • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 05 октября 2011, в 11:38:18
              Сізді қажет етсем, баяғыда алып кетер едім ғой))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
              ответить
  • а а а а 05 октября 2011, в 09:56:52
    Нағыз журналисттің жауаптары. Көп сөз-көмір… Оқуға жеңіл әрі қызықты болды бұл жолғы сұхбат. Бәрінен бұрын, орман туралы сұраққа жауабы мені риза етті. Эксклюзив ән керемет, көңілден шықты, шынымен өнер жолына түссеңіз, тез арада «поклонницалар» жинап алатыныңызға күмән келтіре алмаймын. Отбасыңызға амандық, бақыт, ауызбіршілік тілеймін! Садық, жарайсыз!
    ответить
    • Сәкен Алаш Сәкен Алаш 05 октября 2011, в 11:03:35
      Болатбек алданбайды, сондықтан Әзиз екеуімізді лақтырар ма еді, кім білсін))
      ответить
  • BEK AQUARIUS BEK AQUARIUS 05 октября 2011, в 10:01:58
    Өмірде де сондай көп сөйлемейтін адам ба екен Жарқын? Қысқа қайырыпты
    ответить
  • АЗИЗ Жұмаділ АЗИЗ Жұмаділ 05 октября 2011, в 10:02:52
    Футбол туралы жақсы жауап беріпсің. Нағыз профессионал футболистің жауабы секілді. Мұндай ойыншылардың әрдайым негізгі құрамнан орын алып жүргені де сондықтан ғой.
    ответить
  • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 05 октября 2011, в 10:05:23
    Жарқын көп сәтте ойын ашпай қойған сияқты, әсіресе романтикалық істерін де :)))
    ответить
  • Сәкен Алаш Сәкен Алаш 05 октября 2011, в 10:09:01
    Бүкпесіз әңгіме шығыпты
    ответить
  • Anarka Must Anarka Must 05 октября 2011, в 10:23:50
    Жарқынның кореецке ұқсайтынын ескеріп, және мен үшін корей әнін қойып бергенің неткен үндестік болды ))) Жарқын қысқа-нұсқа жауап жазыпсың, романтикадан шынымен жұтаңдау болып қалған сияқты ))
    ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 05 октября 2011, в 10:24:17
    көп нәрсе айтылмай-жазылмай қалғандай… А так, керемет!
    ответить
  • Нургуль Раисакызы Нургуль Раисакызы 05 октября 2011, в 10:29:07
    мен SADKO FM-ге ренжіп қалғанмын, бір рез осындай ән қойып беріңізші деп өтініп сұраған едім, озің тауып тыңдай салшы деп айтқан еді.! Сол сөзге алі ренжулімін.
    ответить
    • SADKO FM SADKO FM 05 октября 2011, в 22:14:13
      Қойш??? Сенің әніңді қоймадым ба??? Мяяяя:( Тыңдарман көңілі толмады:( Маған минус(((((((((((((((
      ответить
      • Нургуль Раисакызы Нургуль Раисакызы 06 октября 2011, в 09:26:36
        ия маған қойған жоқсыз, бір блогыңыға коммент қалдырғанмын Крис Браунның әнін қойып беріңізші дегенімде, өзің тауып тыңдай салшы дегенсіз.
        ответить
    • *** AKA  *** *** AKA *** 05 октября 2011, в 23:07:36
      Қандай ән тыңдағыңыз келеді? Жекеге жазып жіберіңіз, іздеп көрелік :)
      ответить
      • Нургуль Раисакызы Нургуль Раисакызы 06 октября 2011, в 09:36:13
        елдер сияқты менде бір жақсы әуенге заказ беріп едім… ващееееееее ренжіп отырмын ше…
        ответить
  • НазЕрке Нысанбаева НазЕрке Нысанбаева 05 октября 2011, в 10:45:53
    Сұхбат та сұрақтар да қысқа болса да, нұсқа шыққан ғой. Жарқын көп сөйлесе мағынасыз болып кетеді, сол үшін қысқа қайырғаны жақсы:)) Сұрақтардың көбі көңілімнен шықты. Егер маған сұрақ қой десе: Сәкеннің сен туралы қорқынышы орынды ма? Яғни, екі әйел алу туралы жалпы көзқарасыңыз қандай?-дейтін едім. Бұл сұрақ жауапсыз қалмайды деп ойлаймын:))
    ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 05 октября 2011, в 11:32:02
    Махаббат ол — сабын! )))
    ответить
  • Ғалымжан Жұманазар Ғалымжан Жұманазар 05 октября 2011, в 14:06:42
    Жаркын сухбатын керемет!!! Барлыгы кыска кайырдын деи отыр. Менин ойымша сол кыска жауаптарда коп магына косуга болады. Ал сенин колынан бул келди. Адейи алтын уакытымды болип сенин сухбатынды окып отырмын… Керемет!!!
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 05 октября 2011, в 14:58:57
    Кеше Жарқын ағаның 31-арнадан көрдім. Жақын планнан көрсетті. Шын корей деп ойлап қалуға болады екен. :)
    Сұхбат өте қызықты өтіпті. Қысқа да нұсқа жауаптар.
    Жарқын ағаның өнерлі отбасы туралы сөздері «Парламентте бәрі әртіс, тек кәсібиі менмін» дегенге ұқсап кетіпті. Есімін ұмытып тұрмын, парламенттегі бір комик-әртіс ағамыз айтып еді.
    ответить
  • Розатай *** Розатай *** 05 октября 2011, в 15:38:52
    Әзиздің үйіне барғанымда ол компьютерінен жоғарыдағы әнді тыңдатты. Мен ішімнен «Мейрамбек пен Сандуғаштың дауысы басқаша болып кетіпті ғой» деп отырмын. Әзиз «Роза, бұны Мәриям мен Жарқын айтады» деді. Әуелі сенген жоқпын, сосын Әзиз бен Жазек қайта-қайта айтқасын сендім ғой. Әдемі екен дауыстары. Жарқын ағаға рыспект!
    ответить
    • SADKO FM SADKO FM 05 октября 2011, в 22:33:48
      Жаңағы бері тыңдап отырм:) Әдемі өлең:)
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться