Сообщества >
Massaget.KZ >
Жоба туралы
Жоба туралы
-
rss
20 декабря 2011
Команда ON.KZ -
Massaget.kz танымдық ойын-сауық порталы қазақтілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатымен және қазақ, орыс тілін меңгерген не қазақ тілін үйреніп жүрген қолданушылар үшін жұмыс істейді.
Біздің порталдан көптеген қызықты материалдарды қазақ тілінде таба аласыздар.Біздің басты мақсатымыз Қазақстандық қолданушылардың таным көкжиегін Интернет арқылы кеңейту және қазақ тілін Интернеттің көмегімен дамыту.Сайтта интернеттің басқа көздерінен табыла қоймайтын эксклюзивті материалдар қазақ, орыс тілдерінде жарияланатын болады.Форум мен чатта, блогтар мен танысу бұрышында өзіңіз қалаған тілде қарым-қатынас жасаңыз!Әрбір тіркелген қолданушыларымыз пікір білдіріп, өз жазбасын бізге жіберіп, сайтымызда жариялай алады.Қызықты ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден бізге жіберіп, өзгелерді де құлағдар етіңіз! Егер материал расымен қызықты болса, біз оны міндетті түрде жариялаймыз.Порталдың алдында тұрған бірден-бір мақсат қазақ тілінің мәртебесін биіктету. Қазақша бір адамдай-ақ білем деген қолданушылар ең қызықты шетелдік фильмдерді, сериалдарды, кітаптарды, өлеңдерді «Аудармалар» модулінде басқалармен біріге отырып, қазақ тіліне аудара алады. Аудармаға атсалысу сөздік қорыңызды байытып, тіліңізді жаттықтырады. Жұмыла отырып аударған еңбегіміз мыңдаған қандастарымыздың қызықты фильмдерді көріп, шоқтығы биік шығармаларды өз тілімізде оқуына мүмкіндік тудырады.Қазақ тілін үйреніп жүргендер үшін бастапқы деңгейіндегі қазақ тілін үйрену сабақтарын ұсынамыз. Өздеріңізбен біріге отырып, қазақ тілін үйрену онлайн курсын бірте-бірте жетілдіреміз бе деген жоспарымыз бар.Студенттер мен мектеп оқушыларына арнап Интернет беттеріндегі барлық дерлік қазақша рефераттарды жинақтап, мазмұнын тексерістен өткізіп, тақырыбы ашылмағандарын ысырып қойып, сайтымызға тек жарамды-ау деген рефераттар мен рефераттарыңызға негіз бола алатын мақалаларды ғана салып отырмыз. Алда рефераттарды одан әрі толықтырып, қазақ тіліндегі ғылыми жұмыстар мен басқа да білім деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін еңбектерді үздіксіз салып отыратын боламыз.Өзге елдің тыныс-тіршілігі мен әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары, сондай-ақ, өз еліміздің көпшілікке беймәлім қыр-сыры «Әлемтану» парағынан табылады.Әлемдік және Қазақстандық мәдениетке үңілгіңіз келсе, «Мәдениет» айдарын басыңыз.Техникаға қызығушылық танытып, авто, техно, спорттың жанкүйері болсаңыз, осы айдарлар сіз үшін қызмет етеді. Әсеріңізбен бөлісіп, өз жазбаңызды да жариялап, форумда ойыңызды ортаға салып, пікірталастыруға асығыңыз.Тән сұлулығы мен жан сұлулығының құпияларына қанығып, үйіңізді көз тартатын әсем әрі ыңғайлы қылып жабдықтағыңыз келсе, сондай-ақ, дәмді тағам дайындаудың жолдарын меңгергіңіз келсе, «Бастаңғы» айдары сізді күтеді.Бір сөзбен айтқанда, біз сіздер үшін жұмыс жасап, сіздермен бірлесе отырып, Қазақ Интернетінің тарихын қалаймыз!Порталымызды дамытуға көмектесер ұсыныс-пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді бізге жолдай аласыз немесе сайтымыздағы форум мен блог бөлімдерінде бөлісуіңізге болады.«Массагет.кз» өз таңбаңды қалдыр!
-
Ақтөбелік Нұржан 21 декабря 2011, в 17:38:27
неге массагеттке «жазба ұнайды» деген саусақ жоқ? сосын «коммент ұнайды» деген де саусақ қосамыз делінген сияқты болды еще… Неге форумда жұрттың личный емейлдары көрініп тұр? Тығылып жүретін біз сияқтыларға жаман болған екен )))ответить-
* Meirzhan 21 декабря 2011, в 18:01:29
Сізге тығылып не бопты? Бәрін ашып тастадық емес пе )ответить-
Ақтөбелік Нұржан 21 декабря 2011, в 18:16:59
сонда да )))ответить
-
Ақтөбелік Нұржан 21 декабря 2011, в 18:19:16
жылдың құпиясы деген атақ алыпсың, жумайсың ба )))ответить
-
-
Ғазиза Ұзақ 23 декабря 2011, в 11:23:35
Оның барлығы да болады, уайымдамаңыз))ответить-
Ақтөбелік Нұржан 23 декабря 2011, в 11:27:07
ок, күтем )ответить
-
-
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться