Сообщества  >   ИСЛАМ НУРЫ  >   Assalamyaleikym

Assalamyaleikym

rss ИСЛАМ  НУРЫ 28 сентября 2010
ханум xan
 
«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» -
Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын,
Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын.
Шілденің аптабына шыдайды олар,
Тозақтың жалынына жанбау үшін.
Көпшілік сырттарынан не демейді?
Ал олар соның бәрін елемейді.
Алланың разылығын іздегенді,
Адамның қаңқу сөзі бөгемейді.
Әр ісі тұнып тұрған мағынаға,
Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма?
Жақсы ана болады олар ұрпағына,
Жақсы әйел бола алады жарына да.
Соларға қолың жетсе – бағың жанды,
Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі,
Ұлтымның ұятының ұясындай,
Сыйлаңдар хиджаптағы аруларды.
Авторы: Қуаныш Қолхаев


234
  • Кайрат Кудабаев Кайрат Кудабаев 10 октября 2010, в 18:31:59
    Аллах жалғыз, Мұхаммед оның елшісі!!!
    Кәпірліктен, адасудан бар адамзат емшісі!!!
    Баурларым иман келтір, шариғатпен өмір сүр
    Өйткені адам, ғаламдар да — Жаратқанның еншісі!!!
    ответить
    •  ханум xan ханум xan 15 октября 2010, в 12:57:17
      )))))))))))))))))))))))))))))))))))))
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться