Сообщества  >   ЮАР 2010.   >   АҚШ — Гана 1:2

АҚШ — Гана 1:2

rss ЮАР 2010. 27 июня 2010
Malimetter.org танымдық-энциклопедиялық сайты
 

Футболдан Әлем Чемпионаты аясында өткен 1/8 финалдың екінші ойынында (бірінші ойын: Уругвай – О. Корея 2:1) АҚШ пен Гана құрамалары өзара сынға түсті. Ойынның бесінші минутында-ақ есеп ашқан (гол соққан Кевин-Принц Боатенг) ганалық футболшылар американдық қарсыластарынан қалыспай ойнады. Допқа иелік ету жағынан екі команда да тең түсті.

АҚШ — Гана матчының 62-ші минутында ганалық футболшы тәртіп бұзғандықтан АҚШ құрамасына 11 метрлік айып добын тебу мүмкіншілігі берілді. Айып добын тебуден мүлт кетпеген Лэндон Донован есепті теңестірді.

Есеп теңесті. Ойын тартысқа толы болды. Негізгі 90 минуттық екі таймнан соң 1:1 есебімен тең түскен командалар 15 минуттан тұратын қосымша екі таймдық ойын ойнады. Бұл кезде футболшылардың шаршағаны байқалып-ақ тұрды. Бірақ демалуды ойлайтын кез емес. Тартыс қыза түсті.


Матчтың 93-ші минутында ганалықтардың тарапынан тағы бір гол соғылды. Гол соққан футболшы — Асамоа Гьян. Есеп 1:2 болып, матчтың соңына дейін сақталды. Американдықтардың гол соғуға мүмкіншіліктері болғанымен дөп тиетін жойқын соққылары айтарлықтай болмады.

Гана жеңді, Гана футболының тарихында болмаған жеңіске жетті. Бұған дейін 2006 жылы Германияда өткен әлем біріншілігінде 1/8 финалға өтіп, Бразилиямен болған ойында 3:0 есебімен ұтылып қалған болатын. Бұл жолғы 1/8 финал Гана құрамасы үшін соңғы жетістік болмады. Ганалық футболшыларды алда ширек финал ойыны күтіп тұр.

Мәліметтер ақпарат

http://malimetter.org



250
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 28 июня 2010, в 11:15:45
    мен АҚШ-қа үміт артқан едім... бірақ ганалықтар да осал емес екен :)
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться