Сообщества  >   ЮАР 2010.   >   Аргентина капутт!

Аргентина капутт!

rss ЮАР 2010. 4 июля 2010
Malimetter.org танымдық-энциклопедиялық сайты
 

ОАР-да өтіп жатқан футболдан Әлем Чемпионатының ширекфиналдық ойынында Аргентина мен Германия құрмалары кездесті. Ойын бастала салысымен немістер аргентиналық қарсыластарын састырып, 3-ші минутта неміс футболшысы Мюллер аргентиналықтардың Ромеро қорғаған қақпасына басымен гол соқты. Матч барысында допқа иелік етту жағынан Аргентина құрамасы аз да болса немістерден басым болды. Қақпаға бағыттаған соққылары жағынан екі команда да тең түсті.

Алғашқы тайм 0:1 есебімен немістердің басымдылығымен аяқталды. Екінші таймда аргентиналықтарға есепті теңестіруге мүмкіндік бермеген немістер есепті еселей түсті. 68-ші минутта Клозе, 74-ші минутта Фридрихь, 89-шы минутта тағы да Клозе гол соғып, Германия құрмасын жеңіске жетеледі. Сонымен, Аргентина капутт! Осымен чемпионаттың фавориті саналған екінші команданы жарыс жолынан ысырып тастаған Германия құрамасының футболшылары өздерінің керемет шеберліктерін көрсете білді. Мықты команда саналатын Аргентина құрамасы жарыстан шығып қалды. Ендігі кезекте Испания немесе Парагуай құрамаларының бірі жартылай финалда Германия құрамасына қарсылас атанады.

Осыдан төрт жыл бұрын неміс жерінде өткен Әлем Чемпионатынның ширек финалында Аргентина құрамасы Германия құрамасына жол берген болатын. Ол ойын 1:1 есебімен аяқталып, соңынан 11 метрлік пенальти тебуден 4:2 немістер аргентиналықтарды қапыда қалдырды.

Мәліметтер ақпарат



233
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться