Сообщества  >   Қазақша жазып көрейік   >   Қазақшаң қалай?

Қазақшаң қалай?

rss Қазақша жазып көрейік 14 июня 2010
Жалғас Ертай
 

Тіл деп екі фронт бір баррикада болып қырқыса бергеннен гөрі, ортақ тіл табысудың компромисстік жолдарын қарастырған дұрыс сияқты. Қазақшаң қалай? Қазақша үйреніп жүргендердің бір сөйлем болса да, сөздік қорын тексеріп көрейік. Сен қазақшаны қаншалықты білесің?  



444
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 14 июня 2010, в 16:29:53
    мектепті, ЖОО қазақша бітіргенмен, жұмыста және достар арасында орыс тілін көп қолданатын болдық.... Мектеп кезінде оқитын газеттердің бәрі тек қазақша болған, ал қазір, өкінішке орай, орысша оқыған оңайырақ, түсініктірек .... Қазақша газет не журналды соңғы рет қолыма алғаным есіме де түспей түр...

    Сен қазақшаны қаншалықты білесің? - Сұрақ негізі орыс тілді азаматтарға бағытталған шығар, солай ма? Егер бәрімізге болса - онда жауабын беруге қиналып тұрмын...
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 15 июня 2010, в 14:37:23
      Мен де мектепті де, ЖОО-ны да (әлі оқып жатырмын) қазақша оқығанмын. Бұл желінің қолданушылары негізінен орыстілді болғандықтан, қалыптасқан стереотиптен сәл ауытқып, кімнің қазақшаны қаншалықты білетінін білгім келді :) Біз бір қоғамның адамдарымыз соны ескеру керек. Айыратын емес (мысалы тілдік) сабақтастыратын нүктелерді іздеу керек. Міне соған бағытталған. Атсалысып отырсаң...
      ответить
  •  ханум xan ханум xan 14 июня 2010, в 17:38:42
    Орыс тілді ортада көп жүргенімен қазақша ойлап өз тіліңде жазып түсіңгенге не жетсін.Бірде қызымыз екеуміз жол түсіп шет елге барып қайтық. Алғашқы шығуы еді қызымның,шаршап ақ қалды.Қайтар кезде тіпті көңілсіздік мазасыздық пайда болды.Міне шегараға бекетіне да жеттік.Кенет қызым қолындағы қол жугін жерге қоя салды.,,Мама тыныш, тыңдашы ......қазақша сөйлеп жатыр мұнда,,- деп үнсіз қалды. Мен түсінбей қызыма таңқалып қарап қалыппын.Қуанып кеткен қызым,,УРА-УРА ҚАЗАҚТАР МАМА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖАТЫР,,деп маз болып жүзінде қуаныш үйірілді. Сөйсем шетте жүріп шет тілінен әбден ығыры шығып мезі болып қалған екен. Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте...деп аяқтамақпын.
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 15 июня 2010, в 14:40:12
      Иә, қазақтар қазақша сөйлессе таң қалатын болдық :)
      ответить
  • Женис Каиржанова Женис Каиржанова 16 июня 2010, в 17:12:16
    Қазақша тұрмысқа шыққаннан кейін сөйлеп бастадым. Орыс мектепте, орыс университетте оқыдым.
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 июня 2010, в 17:15:44
      бірақ грамматикалық қатесіз жазады екенсің... қазақша жазба жазып көрсең қайтеді блогыңда...
      ответить
  • Nazyma Aidarhanova Nazyma Aidarhanova 25 июня 2010, в 23:38:54
    мен қазақ тілінде кішкентай кезімнен сөйлеймін, бірақ үйдегілер бәрі орысша сөйлейді, сондықтан кейбір көнерген сөздерді білмеймін...
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 29 июня 2010, в 14:24:52
      онда тұрған ештеңе жоқ... бастысы тілді білгенің... көнерген сөздерді көп адамдар біле бермейді :)
      ответить
  • ♥ღ♥ Анека☆☆☆ Тулегенова♥ღ♥ ♥ღ♥ Анека☆☆☆ Тулегенова♥ღ♥ 29 июня 2010, в 14:23:19
    Мен мектепте қазақша оқимын, достарыммен де қазақша сөйлесемін, үйде де қазақша сөйлесеміз! Біз жастар, қазақ тілін дамытпасақ, ертеңгі күні қазақ тілі жоққа тән болып кетеді! Сол үшін, қазақ тілін дамытуға ат салысайық, ХАЛАЙЫҚ!!!!!!))))
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 29 июня 2010, в 14:26:09
      міне осы жерде он.кз сайтында атсалыса бастасаң болады.... өз блогыңды қазақша жүргіз, қауымдастықтарда тақырып ашып, пікір таластарға араласып отыр :)
      ответить
  • Vincent Vega Vincent Vega 07 июля 2010, в 19:54:36
    Қазақшам жақсы!
    ответить
  • Айнур К Айнур К 03 ноября 2010, в 15:21:13
    Салем достар! Ата-анамыз СССР кезінде балаларды орысша бала-бақшаға, мектепке беретін еді. Ол кезде бала орысша білмесе күнін көре алмайды деп ойлайтын барлығы. Мені де орысша бала-бақшаға берген еді. Бастауыш сыныпта да орысша оқыдым. 5 ші сыныптан бастап қазақ сыныбына ауыстырды. Әлі күнге дейін жарты әнгімем қазақша, қалған жартысы орысша… Үйде ата-анамызбен қазақ тілінде сойлесеміз, ал өзіміздің қатарымызбен орысшаны араластырып сөйлесу әдет болып кетті. Қорыта айтарым БӘРІ ӨЗІМІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 ноября 2010, в 15:31:37
      ол әдет көбінде бар ғой деймін.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться