Сообщества  >   Қазақша жазып көрейік   >   Шетелдіктердің қазақша сөйлеуін естігендерің бар ма?

Шетелдіктердің қазақша сөйлеуін естігендерің бар ма?

rss Қазақша жазып көрейік 15 июня 2010
Жалғас Ертай
 

Қазақ тілі өз елінде онша марапатқа ие болмай отырғанын ескерсек, шетелдіктердің қазақша сөйлеп жатқаны тіптен сирек дер едім. Бұл тіпті қоғам ішінде құбылыс рөлінде жүрсе керек. Жалпы көп ел қазіргі таңда Қазақстан мен қазақ тілін өзінің нысанасына алғандығын ескеру керек. Қазақстанның өз ішіндегілерінің ғана нысанасынан тыс қалып отырғандай күй кешесің. 

Тікелей сілтеме http://kiwi.kz/watch/1ibsl75gek23/ 



401
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 16 июня 2010, в 10:42:48
    жұмыста ЮАР-дан келген 2-3 жігіт бар. Қазақша үйреніп жүрген сияқты. Әйтеуір мені көрген сайын - қалайсың, не жаңалық, темекі бар ма, тартасын ба және т.с.с сөздер айтып бізді қуантады :)
    Алайда олардың қызығушылығы сол жерден бітеді, себебі жұмыс ортасында қазақ тілі қолданбағасын, қажеттілік та кетеді...
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 июня 2010, в 10:57:44
      өте өкінішті... ал мен Түркістан қаласындағы ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқимын. Сонда көп шетелдік студенттер бар. Басы-аяғы 28 ел (тәуелсіз, автономды) бар. Міне, біздегі студенттер қазақ тілін өте белсенді түрде үйренеді Тіпті өзінің кәсіби қызметін қазақ тілімен байланыстырған шетелдіктер де кездесіп жатады. Көбіне түріктер. :)
      ответить
      • Жәнібек Нұрыш Жәнібек Нұрыш 16 июня 2010, в 11:13:11
        түріктер қазақ тілін үйренуге ықыласты. Бұл әрине қуантарлық жайт. Алайда ол аз. Шетелдіктер үшін қазақ тілінде сөйлеу аса қиын емес.
        Оңт. Кореядағы студентердің қазақ тілін үйренсем деген талпыныстары жаман емес. Жақсы да емес. Ондағы қазақ тілін үйренсем деген студенттер келешекте Қазақстанға келсіп, жұмыс жасамаққа ниетті.
        ответить
        • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 16 июня 2010, в 11:30:08
          мәселе ниетте емес сықылды, мәселе - ортада. Тіпті қаншама оралмандар қазір орысша білмегендіктен қиындық кешіп жүр....
          ответить
          • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 июня 2010, в 11:35:08
            келісемін.
            ответить
            • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 16 июня 2010, в 11:47:36
              енді???? Қазақ тілін Қазақ елінде қолданыс аясын дамыту, кеңіту үшін не істеу керек??? 20 жыл өтті - көп өзгеріс көріп отырған жоқпын... Керісінше, үйдегі іні-қарындастарыма қазақша әзірге қоя тұрып, орысшаларыңды дұрыстаңдар деп ақыл беріп жүрмін. Әйтпесе, ертең жұмысқа тұрғанда қиын болады (өз басымнан өткесін айтып отырғаным ғой)
              ответить
              • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 июня 2010, в 11:55:34
                бұнымен де келіспеске амал жоқ. Бірақ, пассив бақылаушы болмай сол қалыптасқан жағдайды өзгертуге әркім өзін жұмылдырып отырса... деп қоямын :)
                ответить
        • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 12 июля 2010, в 10:58:29
          Дұрыс айтасың. Түріктермен кәсіптес болғаныма бес жылдан асты. Бастығым қазақтарға қазақша сайрайды, жұмысшылар да. Қазақ тілін үйрену оншалықты киын емес дейді. Қазақтарға қазақша сөйлесем неге орысша жауап береді деп кынжылады орысша түсінбейтіндер. Жаңадан келген түріктерге қазақша үйретеміз деп түрікше де үйреніп алдық. Тіл білген артық етпес. Бастысы тілімізді сатпасақ болғаны.
          ответить
  • ♥ღ♥ Анека☆☆☆ Тулегенова♥ღ♥ ♥ღ♥ Анека☆☆☆ Тулегенова♥ღ♥ 29 июня 2010, в 14:36:15
    мен бір неміс жігітке қазақ тілін үйретіп жүрмін! Ең бастысы ол қазақ тілін үйренгісі келеді Бірақ көзбе көз емес, ғаламтор арқылы((((
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 29 июня 2010, в 14:37:20
      қызық екен... қай ресурста?
      ответить
  • Sultana K. Sultana K. 03 августа 2010, в 17:28:01
    Мен бірнеше жыл бұрын қазақша сөйлейтін американдықты троллейбуста ездестірген едім. Қатты қуандым! "Қазақша жақсы сөйлейді екенсіз!"-деп таңданғанымда ол: "Қазақстанға келіп жұмыс істеп жатырмын, осы елдің тілі болғасын, қазір мен осы елде тұрып жатқасын, орыс тілін емес, қазақтардың туған тілін үйренуім, білуім керек қой,"- деп жауап бергені бар ма:) Сондай жақсы сөйлеп тұрғанына таңдай қаға таң қалдым.
    ответить
  • Nurshat Tursunova Nurshat Tursunova 05 августа 2010, в 04:11:38
    Менің біраз таныстарым басқа ұлттан (орыс, неміс, кореец, курд, т.б.) олардың барі қазақша жақсы біледі.
    ответить
    • Nurshat Tursunova Nurshat Tursunova 05 августа 2010, в 04:13:12
      Интернетте емес, өмірдегіні айтып отырмын =) Маған сабақ берген американдақтардың көбісі қазақша үйренетін)))
      ответить
  • Талғат Әбдібаев Талғат Әбдібаев 13 декабря 2010, в 20:50:32
    Басында бір агылшын аудармашымен 2 рет келіп, арада 2 жыл салып 3-ші рет келіп өзи қазақша сөйлескенін көргнім бар
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться