Сообщества  >   Қазақша жазып көрейік   >   Қазақша сөйлеп қана қоймай, білімді және мәдениетті тәрбие алған ұл-қыздар көбейсе...

Қазақша сөйлеп қана қоймай, білімді және мәдениетті тәрбие алған ұл-қыздар көбейсе...

rss Қазақша жазып көрейік 28 июня 2010
Zhanat Ubaidullaeva
 

Қазақша сөйлеп келе жатып кез келген жерге түкірмесе. Оспадарсыз сөйлеп, кір-кір болып жүрмесе. Күнделікті жуынып тап-таза жүрсе. Былапыт сөздер айтпаса. Білім қуса, оқу үшін, жұмыс үшін пара беремесе. Мақтанып ақша шашпаса. Тек мемлекет жұмысына шенеуник болуға құмар болмаса, пара алатын жұмысқа жүгірмесе, техника сүйіп, ғылым қуса. Қазақ елі дегенде, ұлты қазақ дегенде басқа елдер құрметпен қараса. Жасы-қарты спортқа әуес болса. Қазақтың ұлдары автопарковкаларда тиын-тебен үшін жұмыс істемесе, бәрі диплом емес, білім қуса, аналары көшенің жиегінде пісте сатпаса. Қыздары темекі тартпаса, арақ ішпесе, жезөкшелікке салынбаса, дәулетті біреуге ойнас болуды армандамаса. Жастар тек шын сүйіп тұрмыс құрса, жауапкершілікті түсінсе, нәрестелерді далаға тастамаса. Егер осы жаман істерді істей жүрсе қазақша сөйлегенін қайтейін! Қазақша сөйлеген адам жауапкершілікті сезінсін! Егер де, ол, жоғарыда айтылған кемшіліктер иесі болса - қазақша сөйлемесін! Қазақшаны былғамасын!



647
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 29 июня 2010, в 10:31:34
    айтқаныңыздың бәрімен келісуге болады :) Әрине, осындай сіз тізіп шыққан нәрселерді жасап жүріп, қазақша неге сөйлемейсің деп өкіргенінен де кейде жиіркеніп кетесің...

    "Тек мемлекет жұмысына шенеуник болуға құмар болмаса, пара алатын жұмысқа жүгірмесе" - Мынау жеріңізді ерекше атап өткім келіп тұр :)))))
    ответить
    • ░Ta Ab▓ ░Ta Ab▓ 29 июня 2010, в 23:59:37
      тура айтасың "сен де қазақ мен де қазақ..." деп өкпелейтіндер ұнамайды.

      сондайларды талай көргем. бір ұлтты екенін пайдаланып кеткісі келетіндер.

      "меннен нағып сұрайсың, өзіңді неге кіналамайсың" деп айтқым келеді кейде
      ответить
  • ░Ta Ab▓ ░Ta Ab▓ 30 июня 2010, в 00:04:21
    сосын тағы талпынбайтындар ұнамайды.

    Қазақты құртатын мақтаншақтық, құр босқа мақтанатын қазақтар ұнамайды. "өй кезінде үйткем, кезінде бүйткем..." дейтіндер...
    "қазыр не болып қалды, ақылың азайып қалды ма?" дегім келеді.
    ответить
  • Ерлан Хайрлин Ерлан Хайрлин 30 июня 2010, в 14:46:00
    Айтқаныңыздың бәріне толықтай қосыламын!!! Егер біле білсеңіздер қазақтардың басқалардан айырмашылығы өте көп, біз жақсымыз деп басқаларды кемсіткім келмейді. Бірақ айта кететін жайттар бар, мысалы қазақ елінде орыстардың астарына кірмегенше бірде-бір жетімдер үйі, қарттар үйі болмаған. Жесір әйел дегенді білмеген, егер күйеуі өлсе, оның ағасы балаларын асырап, әйелін қол астына алған. Қазақтың мәдениетін айтпай да түсінуге болады. Мысалы, жай ғана көшпенді халқымыздың ең ыңғайлы үйі - киіз үй... Қыста айналасына мүлде қар жатпайды, жазда іші қоңыр салқын(ешқандай кондиционер керек емес)... Сол кездегі қыздарға да қызығамын... Ешқандай артық қылығы жоқ, киген киімдері болса кәдімгі хиджаб қой... Айтыңыздаршы, қазақ қыздарының киімдері арабтардың хиджабынан қалыса ма??? Шаштарын сәукелемен жапқан, үстеріне жеңіл, бірақ ұзын көйлек, сосын кәжекей... Көйлектің ұзындығы тобыққа дейін... Ал шашбауы...Алыстан келе жатқанда ерлерге сылдырымен қыз баланың жақындап келе жатқанын білдірген. Еркектер де сылдырдан кейін күлкі не әңгімелерін қойып тиісті жолмен жауап қайтарған!!!!
    ответить
    • ░Ta Ab▓ ░Ta Ab▓ 30 июня 2010, в 21:00:06
      әйелі мен балашағасын ағайынына тастау туралы кино көрсетейінба?
      10 canoes - деген киноны торренттан немесе онлайн сайттардан тауып алып көрші - ( http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%81%D1%8F%D1%82%D1%8C_%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%BE%D0%BA )

      сол салтты Австралия аборигендерінің қолдануы туралы...
      ответить
    • Шынар  Shynar Шынар Shynar 02 июля 2010, в 18:35:01
      Бәріне қосыламын.Ұлттық тәрбие үйден басталады.Айтқан сөзі, киген киімі.
      ответить
  • . . . . 09 июля 2010, в 14:35:05
    ...Қазақстан футболдан әлем чемпионаттан бірінші орын алса...)))
    ответить
  • Мugalim * Мugalim * 16 июля 2010, в 09:39:57
    «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады!»
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 20 июля 2010, в 10:43:21
      еврейлер ше? :)
      ответить
      • Мugalim * Мugalim * 21 июля 2010, в 09:24:49
        Олар қарғыс атқан халық, енді шындықққой!
        ответить
        • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 21 июля 2010, в 09:30:00
          неге жоясың комментті? :) бүкіл халықты қарғыс атуы мүмкін бе? жалпы, қарғыс атқан дегенді қалай түсінуге болады?
          ответить
  • *** AКАЛЁША *** *** AКАЛЁША *** 26 июля 2010, в 20:30:16
    Дұрыс айтасыз! Қазақша сөйлеп қана қоймай, білімді және мәдениетті тәрбие алған ұл -қыздар көбейсе, елімізді жарқын жолға шығарса, ел есімін асқақтатса екен. Еліміздің жарқын болашағы біздер, яғни жастар. Егер де біз өз ана тілімізді білмесек, оны қадір тұтпасақ, онда қалайша біз қазақпыз деп мақтана аламыз, Қазақстанның болашағының іргесін қалайша тіктей аламыз?! Ойланайық ДОСТАР! Біз қазақстандық емеспіз, біз ҚАЗАҚПЫЗ!!!
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 13 сентября 2010, в 02:13:30
    Ниетіңіз өте жақсы екен. Жазғандарыңыз менің ойларыммен астасып жатыр, барлық қазақтардың ойы осындай болса шіркін.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться