Сообщества  >   Қазақша жазып көрейік   >   Қазақ тілі болашағы немесе қолдан келер не үлес?

Қазақ тілі болашағы немесе қолдан келер не үлес?

rss Қазақша жазып көрейік 16 августа 2010
ickep yj
 

 

Қазақ тілінің болашағы(бұл сөз тіркестерін кезіктіру соңғы кездері жиілеп кетті) деген ұғымға өздігімше үңіліп көргенмін. Ойларымның түйініне қарай, тек сенімсіздік пен «болашақ біздің қолымызда» деген әлсіреген үміт қалды. Аз да болса, түсіндіріп көрейін:

Тілді үйрену үшін, сөйлеу үшін ең алдымен сұраныс керек. Яғни жалаңаш патриоттық сезіммен алысқа жете алмаймыз. «Сұранысты қалай жасау керек» деген сұраққа өзім де жауапсыз үңіліп отырмын. Жалғаспен(создатель сообщетсва) кішкене уақыт аралығында тақырып барысымен ойлар алмасу  кезінде айтқаны: мұрныңды шүйірмей, сұраныс жасауға үлесіңді қос. Әрине, бос сөз сөйлеп отырғанша, әрекет етіп, аз да болса ойларымды жазуға бет бұрдым.

Екіншіден, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тұқымын отырғызып берген, кейінірек күміс тіл мен жез таңдай түйістіріп, сылдырлаған әсем үн шығарған би-шешендеріміз, ақын, жырау, сал-серілеріміз жалғастырған қазақ тілінің ұмытыла бастағанына қарап еріксіз көп ойлана бастайсың. Неліктен әдеби тіл жағдайы әлсіреп барады? Неліктен тек тіл білімі манадарының ұртынан ғана кездестіретін көркем, бай тілді тұрмыста қолдана білмейміз? Сұрақ сан жақты, жауап та сондай. Білетінім жалғыз нәрсе: қазіргі таңда қазақ тілін үйрену тіпті қажет емес деген тұжырымдарды жиі естимін. Мүмкін қоршаған орта, мүмкін менің скептикті көзқарасым, кім біліпті.

Арнайы қазақ тілін үйрету бағдарламалары жайында айтып кетпек ой бар еді, бірақ ақсақ ақпаратпен тойдыру мендікі емес. Бір байқағаным, интернационал терминдерді аудару жөнді бағытты ұстанбаған. Күйтабақ-диск(disk)  сияқты аудармаларға дыбыс берген тілім тебініп, санам сырқаттануын қаламаймын. Әрине бұл да, жай,  менің ойым.

Ал СМИ мен жарнамаларда кездесетін аудармалар? Баннерлер мен интернеттегі аудармалар көз оярлықтай күшке ие. Әлде мемлекеттік тілдің алғаш қолдануы, мысалы, «Дүкені ОРБИТА магазин» сияқты ілімдердің өзі не тұрарлық сауатсыздық. Ойпырмай, неткен ағаларымыздың тапқырлығы десеңші. Сауатсыз аударма кесірі де тіл даму азабына үлес қосты десем, қателесе қоймаспын. Сірә, бизнесмен ағаралрымыз да оған мән бермес, себебі бәріне бәрібір. Жанраманың күші жайында сізге әлде бір маман түсіндіре жатар, менің ойым тек сапалы аударма жасауда. Көп жыл бойы мазалап жүрген бұл жайтқа өздігімше шешім тауып, балаша қуанғаным есімнен кете қоймайды. (мүмкін жалғыз менің ғана ойыма кемеген болар)

Ой түйіні мынада:

Қазақша аударым орталығын құру

Сол орталықтың мемлекет қызметкерлерімен арқа сүйдіріп жұмыс жасауы

Аталмыш отралықтың сайтын құру

Күллі жарнама әлде бір жарияланбақ ойда болған аударманың сол сайттан сүзіліп өтуі

Орталықтың шешімі пікірталас туғызбай, ақиқат ретінде қабылдануы

Сүзгіден өтпеген жарнама әлде бір компания лозунгы жариялануына тиым салу(мемлекет тарапынан)

Қазанға түскен аударманың дұрыс болмауы(орфографиялық, мәтіндік, мағыналық және т.б.) жағдайында, орталық тарапынан өз нұсқаларын ұсыну

Және барлық қызмет тегін әрі міндетті болуы

Аударма жұмыс жүйесі «регистрация- аударманы сайтқа енгізу-24 сағат ішінде жауап алу+ тексеруден өтті деген сертификат»

Мұндай орталықтың жұмыс жасауына көптеген тіл білімі мамандары қажет, қазақ тіліне сұраныстың пайда болуы және ең бастысы, қазақ тіліне деген мысқылдар мен қиыс ойлардың жойылуы.

Аталған орталық ашу тек аз ғана проблемаларды шешуге арналғанымен, кейінірек дамытып, тіпті СМИ, баспасөз статьяларын қарастыруды қамтуға болады. Әрине қолдан келер іс болғанымен, ең улкен бөгет, сол сүйікті мемлекет шенеугіктерінің келісімін алу.

(проект табыс көзін көздемейді, тек тіл тазалығы мен, дұрыс үлгі-насихат)

Сіз не ойлйсыз?

П.С. пост өте аз уақыт ішінде жазылды, мұндай тақырыпты ашу, 15 минуттық іс емес, тиіспейін десең тағы болмайды. Қатты сөкпеңіз, қадірменді оқырман)



621
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 августа 2010, в 17:28:50
    мен мына ұсынысың мен жазбаңа неше плюсім болса да аямас едім… ендеше, осы қауымдастық аясында бастап көрейік те жаңағы өзің айтқан жарнамадағы келеңсіз аударламалар туралы. Мысалы, осы тақырыпта сен (немесе кез келген біреу) өзіне ұнаған және ұнамаған жарнамалық ұрандарды тізіп шығады… не үшін ұнағаны, егер ұнамаса, қай жері ұнамағаны, себебі, өзінің нұсқасы және сәйкесінше қауымдастық мүшелерінің ой-пікірі мен ұсыныстары… өте жақсы болар еді… осы қауымдастық аясында бастап көрсе сол істі :)
    ответить
    • ickep yj ickep yj 16 августа 2010, в 17:32:13
      бастап көрейік, тек қазір ойымда ешбірі қалмады, өте көп кездестіргеннен болар) кездесті-кездескенінше жазып отыруға тырысамын)
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 августа 2010, в 18:12:00
        әрине… мен де бүгіннен бастап қазақша жарнамаларды мониторингтеуді бастаймын :)
        ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 18 августа 2010, в 10:56:32
    «Дүкені ОРБИТА магазин» — бұл іскер адамдардың қатесі деп есептемеймін. Тіл туралы заңның талабы ғой…
    ответить
    • Ainur Nurbulatkyzy Ainur Nurbulatkyzy 20 августа 2010, в 15:22:00
      тіл туралы заңды мен де оқығанмын, қандай ақымақ сондай талап қойған, қазақ тілі бірінші орында тұру керек дегенді тікелей түсінген сауатсыздар шығар… үстімізде отырған бірде-бір қазақ осы заңға өзгерістер енгізуге байланысты әлі күнге дейін әрекет жасамағанына таңданамын… осындай жазуларды оқыған сайын, қандай топастар, деген ой келе береді " дәмханасы Меруерт кафе", не былай келіспейді, не олай келіспейді…
      ответить
  • Қасқыр Құрт Қасқыр Құрт 16 сентября 2010, в 22:10:30
    Akparattik bakilau arkili kop narseni tindiruga boladi. Jalpi sizdin bergen usinisiniz keremet, birak osini iske asiru mumkin bolsa… Shirkin-ayy!!!
    ответить
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 07 декабря 2010, в 13:14:59
    Іске асыру керек!!! Керемет ұсыныс! Жетілдіру керек!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться