лига европы Актобе

rss Казахстанский футбол:новости,фото,команды 19 августа 2010
Нұржан ТАМА
 

«Ақтөбе» топтық кезең алдында

 

Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 да Амстердамның  «Schiphol»аэропортына ойыншылар, бапкерлер, және журналистері бар «Ақтөбе» футбол клубының ұшағы келіп қонды. 

 

Қазақстандық клуб ойын өтетін стадионнан 2-3 минуттық жолдағы «Golden Tulip» қонақ үйіне жайғасты. Ал, сағат 20:30 да бас бапкер Владимир Мұқанов баспасөз-конференциясын өткізді. Мұқановтың айтуынша, тең нәтиже немесе 0:1 есебі қанағаттандырады екен. Сосын, команда 40 минуттық кездесу алдындағы жаттығуын жасады. Қазақстан чемпиондарының құрамында Марат Хайруллин, Мұрат Тілешев, Иван Перич, Ален Боно, Халифа Басынды ойыншылар сары қағаздар мөлшері көп болғандықтан ойыннан шеттетілсе, ал  жас шабуылшы Мақсат Құрмашов пен Константин Головской денсаулық жағдайына байланысты кездесуге қатыспайды. Букмекрлік канторалар қызғалдақ елінің өкілдерін «Ақтөбеден» 30 есе күшті деп есептейді.  Бізге белгілісі, қос клубтың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.

 

Букмекерлер болжамы:

«Ақтөбенің» жеңісі – 30 коэффицент

Тең ойын – 5,61

«АЗының» жеңісі – 1,13.

 

Алаңға шығатын «Ақтөбе» құрамы төмендегідей:

Сидельников — Бадло, Смақов, Чичулин, Кенжесариев — Дарабаев, Карпович, Хохлов, Аверченко — Эссомба, Лисенков.

Ал, енді ойыннан не күтеміз? Соңғы турда «Атыраудан» ұтылған біздің командының бүгінгі кездесуі қалай болар екен? «АЗының» азуы қаншалықты қатты? Осындай ойлар жанкүйерлер санасын түртпектейтіні анық. Алғашқы екі турды сүреңсіз бастаған Алкмаарлық клуб дәл қазір өз бабына келе алмай жүргендей. Қос ойында да тең ойнаған «АЗы» ішкі біріншілікте 13 сатыда келеді. Ал, Қазақстан чемпионаты қызған шегіне жетіп тұр. «Ақтөбеге» қазақстандық алғашқы клуб ретінде тарих қойнауына алтын әріппен жазылатын мүмкіндік туып тұр. «АЗыны» бағындырып жатса «Ақтөбенің» айды аспанға қаратқаны! Онда, алда топтық кезең...

 

Ойын жергілікті  сағат 21:00 басталады. Сіздер Астана уақыты бойынша 01:00 де «Қазақстан» арнасынан тікелей желіде көре аласыздар!

Нұржан Туғанбай



273
  • Абай Жакенов Абай Жакенов 19 августа 2010, в 17:00:24
    желаю актобе победа!!! Актобе чемпион!!!
    ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 20 августа 2010, в 12:43:09
    өкінішті… ойын шықпады… өз алаңымызда салатын шығармыз гол…
    ответить
  • 1111 111 1111 111 26 августа 2010, в 10:06:34
    бугин Актобеде ойын)
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться