Сообщества  >   Азаттық Радиосы  >   Саяси топтар арасында құпия соғыс жүріп жатыр

Саяси топтар арасында құпия соғыс жүріп жатыр

rss Азаттық Радиосы 2 сентября 2010
Азаттық Радиосы
   

 

01.09.2010
Мәншүк АСАУТАЙ

Қазақстандық ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас прокуратураға қарасты департамент басшысын тұтқындағанын хабарлады. Алайда аталған мекемелер бұл ақпаратты я растамайды, я жоққа шығармайды. Ал сарапшылар болса, екі ведомство арасындағы текетірес «президент қауіпсіздігіне қауіп төнгеннің белгісі» деп санайды.


МҰСАБЕКОВКЕ ТЕЛЕФОН ТЫҢДАУДЫ БҰЙЫРҒАН КІМ?

КазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада бас прокуратураның жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығы – Мұрат Мұсабеков тұтқындалған. Онымен қоса бас прокуратураның тағы екі қызметкері қазір Астана қаласының тергеу изоляторында жатыр. Агенттіктің ақпараты бойынша, оларға «жоғары лауазамды шенеуніктердің телефон әңгімелерін заңсыз тыңдаған» деген айып тағылып отыр. 

Дегенмен сәрсенбі күні бойы хабарласып, не бас прокуратурадан не ұлттық қауіпсіздік қызметінен ешқандай ақпарат ала алмадық. Азаттық тілшісі хабарласқан адамдардың барлығы бұл істен бейхабар болып шықты. 
Дегенмен КазТАГ агенттігі бас прокуратура қызметкері Мұрат Мұсабековті тұтқындауға санкцияны Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты бергендігін атап өткен. 

МӘМИДІҢ БАСЫНА ТУҒАН КҮН

Бұдан бөлек, бүгінде Қазақстанда ашылмайтын «Республика» интернет басылымында белгісіз оқырманның хаты жарияланды. Онда оқырман Мұсабековтың ұсталуы өте құпия екенін айтады. Себебі, бұл істі реттеуге ұмтылған Қайрат Мәмидің тарапынан қатты қысым көрсетіліп жатыр деп болжайды. 
 

Дегенмен оқырманның сөзінше, «Мәмидің қолынан ешнәрсе келе қоймас, өйткені... http://bit.ly/cngADc



303
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться